Бішкек қаласының Свердловск аудандық соты 11 желтоқсанда Марс Бодошевты Бурулай Турдаалықызын алып қашып, оны милиция бөлімінде өлтірді деп айыптап, 20 жылға соттады.
Биыл 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалықызы қаза тапқан. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп тұжырым жасаған. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашқан. Милиция өлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған. Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған. Бұл оқиға қоғамды резонанс тудырып, президент Сооронбай Жээнбеков үкіметке істің әділ тергелуін тапсырған.