Петропавлда күйеуін асқан қатыгездікпен өлтірген әйелге сот үкімі шықты. Егде жастағы жарының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған қандықол қылмыскер 10 жылға сотталған.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Елена Бунинаның өзі бұл үкімді естігенде міз бақпады. Ол адам шошырлық қылмысты ақпанда жасаған. Алдымен онсызда денсаулығы жоқ отағасын аяусыз ұрып, бірнеше жерінен пышақ сұғыпты. Кейін жасы 70-ке тақаған азаматтың денесін балконда балтамен бөлшектеген. Әйел бұл әрекетін жасырып қалмақ болды. Яғни, марқұмның қансыраған аяқ-қолын қоқыс жәшігіне тастай салыпты. Қайта оны қаңғыбастар байқап қалған. Артынша әйел қамауға алынған болатын.