Бұл бейнеролик WhatsApp мессенжері арқылы әлеуметтік желі пайдаланушысына келген. Сондықтан оқиғаның нақты қайда, қашан болғаны белгісіз.
Бейнероликте Арай деген қыз айқайлап, балағат жаудырып жатыр. Еркек пен әйел адам оны басыңа орамал тақ деп үгіттеуде. Біреуі тіпті шашу шашып әлек. Басына орамал салынғасын қыз қарсыласуын қойғанымен, жылауын тоқтатар емес.
«Ұстама, бәрібір кимеймін!», — деген қыздың жан дауысы шығады.
«Арай, сені білмейтін адам жасап отырған жоқ қой! Сені ғана ұрлап жатқан жоқ, елдің бәрі қыз алып қашады. Ештеңе етпейді, біздің қызымыз боласың!», — деп Арайды әлдебіреу тыныштандырып жатыр.
https://kaz.365info.kz/khyzdy-birden-khylatudyn-ysh-amaly-khazakhtyn-aruy-khandaj-zhigitterge-kharajtynyn-ajta-saldy-263304
Бұл бейнероликтің төркіні шамамен Оңтүстік Қазақстан деген болжам бар.