Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Жібердік қой Баяныңа…”. Тұрсын Алагөзовтың ұлы әкесінен уәдесін орындауды талап етті

Біз – мен, Әмина және анамыз сені жаңа өміріңе жібердік. Сенің сезімің мен бізбен сөйлескің келетінін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ғана біліп жүрміз.

Кетеріңде көптеген шешімін таппаған сұрағың мен орындалмаған уәдеңді қалдырдың, осы уақыт ішінде біз соларды шешумен айналыстық. Аяқталмаған бірқатар іс өз шешімін табуды күтіп тұр, сондықтан мемлекеттік органдарға жүгінуді жөн көрдік”, – деді Арсен Алагөзов.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/shykh-shykh-yjden-alagozovtyn-yly-akesin-sotkha-berdi-foto-307163

Ол дау болған пәтердің қалай алынғанын да түсіндіріп өткен.

“2017 жылдың қазанында саған бөліп төлеуге алынған сатылғанға дейін жалдамалы пәтер болып есептелетін пәтерде (Esentai) тұратының жөнінде құжаттар жіберілді. Болған оқиғаның салдары пәтерді салушыға қайтарып, 2017 жылдың қарашасындағы пәтер келісімшартын бұзу туралы шешімнің қабылдануына әкелді.

Сен пәтерді босатқан жоқсың, сондықтан жалдамалы пәтер құнын төлеуге мәжбүр болдым, сосын сотқа мәжбүрлі түрде пәтерден шығару жайында арыз жаздым.

Өйткені пәтерді салушыға қайтарып, бұрын жүргізілген келісімшартты бұзу керек.

Әке, кейде уақыт сондай тез өтеді. Бәрін түсіну үшін санаулы күн қажет. Мен 2016 жылдың жазында-ақ бәрін түсініп қойғам, сол кезде таңдау жасадым, сенің өз өмірің бар, менің өз өмірім бар”, – деді Арсен.

 

https://kaz.365info.kz/mynyn-ne-balam-alagozov-ozin-sotkha-bergen-ylyna-zhauap-khatty-foto-307330

Естеріңізге салайық, Баян Алагөзовтың күйеуі Тұрсын Алагөзовті пәтерден шығару үшін Тұрсынның ұлы сотқа арыз түсірген болатын.

Осыған жауап ретінде Тұрсын желідегі парақшасына жазба қалдырды.

“Уақыты келгенде, өз қателігіңді түсінерсің деп үміттенемін. Қалай болғанда да, қандай жайтқа тап болсаң да, мен сені жақсы көріп, саған көмектесетін боламын. Бұл жай ғана пәтер ғой, оны сатып алуға немесе айырбастауға болады. Ал ар мен намысқа бұлай жасауға болмайды”, – деп жазған еді Тұрсын Алагөзов.

Аталған іс бойынша алдын ала тыңдалым 2018 жылдың 29 наурызында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз