Көлікке мас күйінде отырып, бір күнде екі қымбат көлікті қағып тастаған.
«Адам кедейлікте өмір сүрген соң ақша сенімділік береді. Маған жанымда көп адам жүргені ұнайтын. Көп адаммен бірге тамақтанатынмын. Он жыл бұрын бір жылда достарымды тамақтандыру үшін 2 млн доллар жұмсағам. Сағаттар, көлік, былғары күрте мен виноларды қорабымен сыйлайтынмын», – деп жазды Джеки Чан.
Актер тұңғыш қызына қалай қарағаны жайлы айтты. Айтуынша, ол үйіне қайтып келе жатып, қызымен сөйлеспеу үшін қайта қайтып кетіп жүріпті.
Актер бірінші әйелі Жоан Линьді ақша үшін жүр деп ойлап, ақшасын жасырған. Ұрыс кезінде әйелінің қолындағы ұлын жұлып алып басқа бөлмеге лақтырған сәті болған екен. Әйелінің көзіне шөп салып, Азия аруы Элейн Нгмен кездесіп жүрген.
«Мен жаман күйеу, нашар әке болдым. Бірақ ұлым мен оның анасының алдындағы парызымды өтедім», – деп жазды актер.
Джеки Чан ерсі әрекетінің бәрін есеймегендіктен әрі өзіне сенімсіз болғандықтан жасағанын айтып ақталды.
Дереккөз: stan.kz