Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жезқазғанның „Дидар„ телеарнасын жеке кәсіпкер сатып алды

Оның айтуынша, ең көп қаржы ұсынған қатысушы жеңімпаз атанған. Сауда-саттық барысында сома 12,7 млн теңгеден үш есеге дейін артып, яғни 37 млн теңгеге жеткен. Жезқазған қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер жеңімпаз деп танылды.

«Сауда-саттық келісімі рәсімделді. Қазіргі таңда 7,7 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төленді. Қалған сома әзірге түспеді. Келісім бойынша сатып алушының толық соманы төлеу үшін 30 күн уақыты бар», – деп түсіндірді Ставицкая.

«ТВ-21» ЖШС да қатысқан еді. Ұтылып қалған қатысушы электрондық сауда-саттықтың нәтижесімен келіспей, бәсекелестің жеңісін сот арқылы дауламақшы.

Бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысында жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша Жезқазған қалалық «Дидар» телерадиохабар тарату дирекциясы 51 млн теңгеге бағаланып, сатылымға қойылды. Алғашқы сатылым 2016 жылдың 8 қараша күні өтті. ҚР Үкіметінің 30.12.2015ж. №1141 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша барлығы 43 ұйым ұсынылған. Кестеге сәйкес, 2016 жылы 15 ұйым жүзеге асырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз