Балалар үйінің пысықай басшысы жетім қыздың мүлігіне салынған аресті алып тастап қана қоймай, оны сатып, түскен ақшаны қалтасына басқан.
«Айналайын» балалар үйінің директоры Жадыра Сейсембаева 2016 жылғы сәуірде Қарасай ауданының әділет басқармасына Қаскелеңдегі үйге салынған шектеуді (аресті) алып тастауды өтінген хат жолдапты. Ал мамыр айында ол үйге Бақытжанов деген жаңа қожайын иелік ете бастапты.
«Материал облыстың жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жіберіліп, сотқа талап-арыз жолданды», — делінген жақында жетім балаларға арналған мекемелерді тексерген прокурорлардың анықтамасында.
Сурет chitalnya.ru сайтынан алынды
Алматы облысында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 250 баланың атында тіркелген мүлік бар екен. Олардың меншігіндегі мүлікті мемлекет заңсыз иемденуден немесе біреудің меншігіне беруден қорғау керек. Алайда прокуратура ол үйлерде бөтен адамдардың тұру, тіпті, балалар мүлігін бөтен біреулерге заңсыз сатып жіберу фактілерін анықтаған.
Ағайынды Поляховтарға әке-шешесінен Алматы қаласының Медеу ауданында мұраға тұрғын бұйырыпты. Ал олардың қамқоршысы Заборская білім бөлімімен келіспей, тұрғын үйді жалға беріп келген. Тексеріс барысында анықталғандай, бұл оған 2010-2013 жылдар аралығында 4 доллардай табыс табуға мүмкіндік беріпті.
Тағы бір оқиға. Қасқелеңде Беловоловтар отбасы — кәмелетке толмаған ер бала мен оның 1984 жылдан бері жүйке аруына шалдыққан оның II-топтағы мүгедек әкесі 6 сотық жері бар тұрғын үйінен айырылып қалған. Сөйтсек, олар өз еркімен (!) бастарындағы жалғыз баспананы Давришев деген біреуге сатып жіберіпті-мыс. Прокуратура бұл келісімге күмән тудырды, қазір іс сотта қаралып жатыр.
Жақында жүргізілген прокурорлық тексерістің нәтижелері бойынша, Алматы облысында 247 жетім балалардың мемлекет есебінен баспана алуға кезекке тұрғызылмағаны анықталды.
«2014-2015 жылдарда облыста 1800-ден астам тұрғын үй берілген. 3238 жетім баланың тек 226 мем лекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға қол жеткізген, заң бойынша бұл санаттағы жеткіншектер басымдыққа ие екеніне қарамастан, ағымдағы жылы бірде бір жетім тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген. Жыл сайын тұрғын заңдалығын тексеру барысында
мемлекеттік органдардың жұмыстан шығып кеткен қызметкерлерге немесе кезекте тұрмағандарға баспана беру фактілері анықталады.
Мәселен, 2015 жылы 42 пәтерді бөлу барысында заңдылықты бұзуға жол берілген», — дейді тексеріс нәтижелері бойынша жасалған есепте.
Бір таңқаларлығы, кінәлі тұлғалар жазаланып жатса да мұндай фактіліер жыл сайын қайталанып, жетім балалардың құқықтарын бұзу жалғасын табуда.
Жалғасы бар.
Дереккөзі: 365info.kz