Министрдің, одан қала берді, Ұлттық банк басшысының адам ұғып бола бермейтін мәлімдемесіне әбден жыны келген қоғам белсендісі қатты ашынып кетті. Сөйтіп, ол Қазақстанның бүкіл халқын 15-қазанда бір де бір дүкенге бас сұқпауға, бензиннен бастап, ешбір дүниені сатып алмауға шақырды.
„Бір-ақ күн жетіп жатыр. Нарық тоқтап қалады, экономика абдырайды. Сонда көрем олардың қалай сайрағанын?„.
Әлия Садырбаева
„… Жақында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің не дегенін білесіздер ме?
Бағаның қымбаттауына қазақстандықтардың өзі кінәлі екен. Иә, ол тура осылай деді.
Өйткені, халық кәсіпкерлердің тауар мен қызмет түрлеріне белгілеген кез келген бағасымен бас шұлғып, келісе береді. Түк қиналмайды-мыс.
Ал Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев одан да асып түсті. Ол да бәріне халықты кінәлады.
Инфляцияға ықпал етуші бірден бір фактор –
халық пен кәсіпорындардың баға өседі деп үміттеніп, күтіп отыратын тағатсыздығы
(долларды айтып отырса керек) деп салды. Соның салдарынан, баға өсе береді екен. Масқара ғой бұл…
Жоқ, мұнымен бітпейді. Қазір бензин қымбаттап жатыр. Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев не деді дейсіз ғой? Ол соңына дейін:
„Бензин бағасы өспейді, рубльдің біздегі жанар-жағармай өнімдерінің бағасына ешқандай қатысы жоқ„ деп тұрып алды ғой. Ал өткенде үкімет отырысында ұялмай, басқаша сөйледі *-
„Біздегі бағаға Ресейден келетін импорт мұнайдың бағасы әсер етіп жатыр„
– деді.
Ақыры мойындады…
Тіпті, біздің министрлердің дегені дұрыс делік, сөйтіп, бағаның өсуіне біз-ақ кінәлі болайық, қарсыласпайық!
Ендеше,
өздері айыптап отыр ғой, ұят болады, бір тұяқ серпиік.
Мен 2017 жылдың 15-қазанында Қазақстанның барлық халқын STOP баға акциясына үлес қосуға шақырамын!
Бұл күні көлігімізге отырмай-ақ қоялық, бензин сатып алмайық, дүкенге бармайық, нан да сатып алмайық, сөйтіп бәріміз „Баға түссе екен!„ деп тілейік.
Мүмкін, сол кезде біздің жайымызға жоғарыдағы біреулер назар аударар, сонда біздің көнбіс тобыр емес екендігімізді түсінер? Мүмкін, сол кезде адамның өмір сүру сапасын жақсартуды ойланар?..
Егер мені елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға шақырып жатыр деп айыптаса, алдын ала ескерте кетейін –
„Күміс алқасы„ бар көпбалалы ана ретінде мен ешкімді шақырмаймын, тек әділеттіктің орнауын, өзімнің тапталып жатқан құқығымды тазалауды талап етемін!„
делінеді Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығы мүшесінің жазбасында.