Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Жетер енді!”. Германия билігі Түркияға қатысты саясатын өзгертті

Министрдің айтуынша, Германияның Түркияға жасап отырған экономикалық көмегі мен инвестициялық несиелері қайта қаралады. Сонымен бірге, Еуропалық одақтың Түркияның ұйымға қосылу қарсаңындағы көмектерін қайта қараған дұрыс. Германия Еуропалық одақтың мұндай мәселелерге қатысты шешім қабылдауына ықпал ете алады.

Германия билігі өз азаматтарына Түркияға барудан бас тарту туралы кеңес беруі мүмкін. Түркиямен қарым-қатынасты “бұрынғыдай жалғастыра беру мүмкін емес” деп мәлімдеді Габриэль. Жақында Стамбулда Германия азаматы Петер Штойдтнер (Peter Steudtner) мен тағы бес адам құқығын қорғаушы ұсталған. Түркия билігі оларды терроризмді қолдады деп айыптап отыр.

Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калынның мәлімдеуінше, “Германия сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесі елдегі сайлау қарсаңында сайлаушылардың көңілін аудару үшін жасалып отыр”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз