Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысы қорытылды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

– Елбасының тапсырмасына сәйкес, өңірлерді аралап, халықпен кездесіп, содан кейін барып нақты қорытынды шығарылады. Оған қоса, жер мәселесінде маңызды жайттардың бар екенін көріп отырмыз.

Соның ішінде бір адамға жалға берілетін жердің шекті мөлшері қанша болуы керек, жайылым мәселесі бар. Мұнан да өзге жайттарды шешу үшін бүгін комиссия отырысы өткізілді, – деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, бір адамға жалға берілетін жердің шекті мөлшері республика бойынша мынадай гектар болуы қажет деп айту қисынсыз. Өйткені, әр өңірдің ауылшаруашылығы саласында айтарлықтай ерекшеліктері бар.

– Сондықтан ғылыми тұрғыда негіздеу арқылы ғана шектеу мөлшерін айту керек. Жалпы, көпшіліктің пікірі негізде шектеудің болу қажеттігі айқындалып отыр. Ауыл төңірегіндегі және шалғайдағы жайылымдарды сатуға заңнамада тыйым салынғаны белгілі. Дегенмен, ол заң 2007 жылы қабылданған болатын. Ал Жер кодексі 2003 жылы қабылданған. Міне осы екі аралықта кейбір жайылымдардың жекеге өтіп кеткендері де бар. Сондықтан осының барлығын ескере отырып, қарастырудамыз. Бұл – бір мәселе.

Екінші мәселе, бүгінгі таңда халықтың санының өскендігі, оған қоса мал санының да көбейгендігі белгілі. Сол себепті жайылым мәселесі күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, жұмыс топтары нақты жұмыстар жүргізуде. Келесі отырыстарда оны шешуге қатысты ұсыныстар қаралады деп есептейміз, – деді Асқар Мырзахметов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз