Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Жемқорлар жиған-тергенін елге қайтарып берсе ғой» — шымкенттік журналист

Сонымен, әділдік орнау үшін:

1. Бүкіл халыққа ортақ дүние – «Пресс-автомат» зауытын аянбастан жұтып жіберген «адал» азамат осы өндіріс орнын бастапқы қалпына келтіріп, мемлекетке қайта табыс етсе;

2. Темірландағы ыстық су шипажайының тас-талқанын шығарып жіберіп, одан шыққан құрылыс материалдарына Шымкентте ойып тұрып үй салған жетпістегі жемқор ел игілігінде болған және болуы тиіс сол дүниені бастапқы қалпына келтіріп, елге қайтарып берсе;

3. Елбасының айтқанына құлақ салып, «арам ақшаға» қымбат джип мініп алғандар, сол көліктерін сатып, сатылған құнының ең болмағанда оннан бір бөлігін жетім-жесірлерге, мұқтаждықтан бас көтере алмай жүрген азаматтарға, көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағынан аз қорғалған өзге де жандарға жұмсаса;

4. Облысымызды және қала орталығын басқарып кеткен кейбір бұрынғы әкімдер түгелімен Оңтүстік өңіріне жиналып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, бұрынғы «ұрлаған-жырлағандарынан» ортаға оннан бір бөлігін тастап, сол қаражаттан баспанасыз жүрген барлық азаматтарды үй-жаймен қамтамасыз етсе;

5. Мемлекеттік мекемені басқарып жүріп, көптеген дүкен-тойханаларды ашып, жүргізіп отырған «жасырын кәсіпкерлер» өз қамқорлығына ең болмағанда бір-бір көпбалалы отбасыны алып, айына бір рет болса да, өз есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырса;

6. Парақорлар заңсыз алған қаражаттарының оннан бір бөлігін бөліп шығарып, балабақшалардағы балаларға қомақты сый-сияпат (арзан тәтті-пәтті емес, құнды ойыншықтар дұрыс) дайындап апарса;

7. Әрбір мемлекеттік мекеме басшысы тарылмай, жарты жылда бір рет болса да, бір-бір мектепті қамқорлығына алып, әр оқушыға (алаламай, бөліп-жармай) бір-бір ноутбук сыйға тартса;

– сонда әділдік те орнайды, ішкен-жегендері де сіңімді болады, елдегі әлеуметтік ахуал да жақсарады. Әлде олай емес пе?

Әсет Әссанди

didarbek.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз