Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Желіде екі вагонның арасында қысылып қалған адамның видеосы пайда болды

Онда арнайы киім киген ер адамның жүк толы екі вагонның арасында қысылып қалғаны көрінеді. Нәтижесінде ер адам вагондардың арасында қысылып қалып, құлап кетеді. Төтенше жағдай Жезқазғанда кен байыту фабрикасының аумағында болғаны белгілі болды.

“Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС баспасөз қызметіндегілер осы жағдайға қатысты түсінік берді. “Биыл 19 желтоқсанда Жезқазғандағы “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС байыту фабрикасы аумағында қайғылы жағдай болды. Қаза болған жұмысшы “Tranco Zhezkazgan” ЖШС мердігерлік ұйымында қызмет етті. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Тengrinews.kz.

Сондай-ақ, ведомстводағылар осы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссияның құрылғанын айтты.

https://www.instagram.com/p/Bc89pepgTYV/?taken-by=shock_krg

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз