Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жаздық сәнді бейнелер: TikTok стилистері ұсынған үлгілер

155

Стилді джинсы

Талай қызықты идеяларды сүйкімді Алиса Янгтан @alisa_yang алуға болады. TikTok авторы қарапайым да қымбат емес заттардан сәнді бейнелер жинай алады.

Ал джинсы ешқашан сәннен шығып көрмеген. Алиса 2023 жылдың қызықты көктемгі-жазғы сән үлгілерін назарға алуды ұсынады. Қазір шашағы немесе қауырсыны бар джинсы үлгілері сәнге айналды. Бұл джинсының балағы тобықтан аспауы керек. Қалталары көп кең балақты джинсы батыл көрінгенімен, бірақ ол қосымша көлем қосатынын да ескеріңіз. Сол сияқты құрақ маталардан тігілген пэчворк стиліндегі джинсылар да сәнді.

Сондай-ақ стилист кең балақты джинсыны немен киюге болатыны туралы кеңес береді. Сәнді бейнеге 2000 жылдардан шабыт алатын шокерлерді, винтажды сөмке мен түймелерін тақпай киетін қырлы жемпірді киюге болады. Егер сіз сәнді сөмке таңдағыңыз келсе, онда панк стиліндегі темір қатырмалар, істіктері бар джинсы сөмкелер мен джинсы маталардан тігілген қалталары бары сәнге айналғанын білуіңіз керек.

Үйлестірілген образдар

Әйелдік нәзік болмысқа ие TikTok авторы Малика @malikaaboutstyle өзін L өлшемді стилист ретінде ұсынады. Өйткені, бұл бүгінгі таңда өте танымал сегмент, себебі денелі қыздарға киім таңдау қиынырақ, ал көп жағдайда стилистің көмегімен – өз стиліңді жасаудың құпия кілтін табуға болады.

Стилист үйлестірген үш комбинация күтпеген жерден керемет болып шықты. Әртүрлі пиджактар немесе жемпірлерді аяқ киім мен зергерлік бұйымдармен үйлестірген жібек комбинациясы талғампаз, қатаң іскерлік әрі ыңғайлы үлгі болып шықты. Сәнді көріністің құпиясы – әшекейлерде.

Сәнді balletcore

Стилист Эльвираның @elvirakainazar TikTok аккаунтында – күнделікті және көшеге шығуға арналған қызықты образдар жинақталған. Эльвира әртүрлі стильдегі заттарды қалай келістіруді біледі.

Нәзік және романтикалық стильді ұнататын қыздарға арналған образдар –

balletcore эстетикасынан шабыт алады. Ұзын ақ түсті, ​​аздап етегі кең пішілген тоқыма белдемшесін аламыз да, оны үсті қара, ақшыл сүйір аяқ киім және кеңдеу пиджакпен толықтырамыз. Образды қара түсті інжу-маржан тізбегі мен классикалық ашық түсті клатч толықтырады.

Әмбебап бомбер

Қылықты Аида @aida_neko өз даралығыңызды жоғалтпай, әрқашан және барлық жерде қалай стильді де сәнді көрінуге болатыны туралы жеңіл әрі жағымды бейнебаяндарымен аудиториясын жаулайды.

Ол салқын кештерде серуендеу үшін қандай пиджак таңдауға болатыны туралы кеңес береді. Егер сіз осы маусымда биік және сымбатты болып көрінгіңіз келсе, бойыңызды қысқа етіп көрсететін кең және ұзын пиджактардың орнына – қысқартылған кроп-нұсқаларды таңдаңыз.  Аяқтарыңыз ұзын, денеңіз сымбатты болып көрінеді.

Сондай-ақ Аида бір ғана әмбебап бомбер көмегімен жеңіл көйлектің үстіне иыққа іле салатын мүлде екі түрлі look-ты қалай жасау керектігін біледі. Шалбардағы орбазды жоғары пішілген топ, көзілдірік және байлауышпен толықтырамыз. Осылайша белсенді өмірге арналған батыл әрі тартымды бейне пайда болады. Юбкамен киетін үлгіге лоферлер мен галстук үйлеседі.

Қатігез стилистен мейірімді кеңес

#қатігезстилист Мәди Бекдайыр @madi_bekdair барлық маусымға арналған ұсыныстармен бөліседі.

Арық және шағын адамдарға стилист бір түсті принтті маталарды таңдауға, ашық түсті киімдер киюге, күрделі дизайн мен заттар декорациясына мән беріп, назар аудартатын аксессуарлар мен зергерлік бұйымдарды пайдалануды ұсынады.

Ол сондай-ақ ұзын да сымбатты көрінгісі келетін толықтау адамдарға 4 түрлі ұсыныс береді. Бойыңызды киімдердің түсімен екіге бөлуге болмайды. Себебі, бұл сіздің бойыңызды қысқарта түседі. Денеңізді қысып тұратын киім киіңіз. Және тік сызықтарды көбірек қосыңыз. Сондай-ақ оның TikTok сайтында сіз аяқтарыңызды визуалды түрде ұзартуды және өзгеріс жолындағы басқа да көптеген пайдалы, сәнді кеңестерді үйренесіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз