Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жатақхана дәлізіне тасталған емшектегі сәбидің ата-анасы іздестіріліп жатыр

11 айлық сәби Нина Хоренконы балалар ауруханасына жедел жәрдем жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, түскенде баланың дене қызуы болған. Қазір жағдайы жақсы. Алайда, төрт күннен бері баланы ешкім іздеп келмепті.

«Жатақхана тұрғындары полицейлерді шақырған. Олар баланы тікелей сәбилер үйіне жібермейді, себебі, дәрігерлік тексеруден өткізуі тиіс. Сондықтан, жедел жәрдем көлігімен бізге алып келді. Емізулі бала болғаннан кейін, анасын іздеді. Бірақ, біз өз тарапымыздан қажетті қоспаларды беріп, тамақтандырдық. Жағдайы қазір бірқалыпты. Егер ата-анасы келмесе, баланы сәбилер үйіне жөнелтеміз»,- дейді облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Алниязова.

Нинаның тағдырына ауруханада балалары ем қабылдап жатқан ата-аналар да алаңдаулы. Олар сәбиге жылы киімдер, жөргектер әкелгендерін айтады.

«Менің балам да осы ауруханаға түскен. Емін алып болды, ауруханадан шықтық. Бірақ, Нинаны көргеннен кейін, уайымдап, бүгін шыдамай тағы жағдайын білуге келдім. Егер ата-анасы, туысқандары естісе, алып кетсе екен деймін. Осындағы барлық адамның тілегі – cол. Сәбиге ананың жылуынан басқа ешнәрсе керек емес қой», – дейді қала тұрғыны Инна Рудакова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз