Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

11 қазанда Роза Абитова көркем гимнастикадан халықаралық аралас команда сапында өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды. Осы күні дзюдошы дзюдошы Бекарыс Сәдуақас халықаралық аралас сында «Лондон» командасымен бірге қола медаль алды.

13 қазанда Диас Бахриддин каноэ есуден спринт жарыста чемпион атанды. Ал қыздар арасындағы байдарка есу жарысында Стелла Суханова қола жүлдегер атанды.

18 қазан күні велоспорттан Қазақстан ерлер командасы мүшелері Глеб Брусенский мен Евгений Федоров бес кезеңде 418 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Ал бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Дамир Тойбай күміс жүлдегер атанып, қыздар арасында Надежда Рябец (-75 кг) қола жүлдеге ие болды. Бокстан Айбек Оралбай (91 кг) жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

19 қазанда жарыстың соңғы күнінде алғаш рет олимпиада бағдарламасына енген карате спортынан Әбілмансұр Батырғали (-68 кг) қола жүлдеге ие болды. Боксшы Талғат Шәйкен (64 кг) финалда ресейлік спортшымен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Осылайша ол жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құрама 8 медаль жеңіп алып, жалпы есепте 21-орыннан көрінді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз