Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік белең алып бара ма?

166

Ерте жүкті болғандардың арасында жоғары сынып оқушылары да бар. Тіпті, 10 жасар баланы күштеп жыныстық қатынасқа тарту фактісі де тіркелген. Кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың артуы құқық қорғау органдарын да алаңдатып отыр.

«Алдағы уақытта колледж басшыларымен, оқытушыларымен тығыз жұмыс істеу қажет. Әсіресе, ауылдан қалаға оқуға кетіп, еркін өмірге араласқан жастарға қырағы көзқарас қажет»

– дейді Көкшетау қалалық ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Әділбек Салықов.

Жыл басынан бері Көкшетауда өз-өзіне қол жұмсаудың 3 фактісі тіркелген. Оның біреуі жасөспірімге қатысты. Өз өмірін қиюдың басты себептері – ата-анасымен келіспеушілік, махаббатқа алдану.

Жақында Көкшетау қаласындағы қаңғыбас балаларды уақытша оқшаулайтын орталықтан үш жасөспірім қашып кеткені белгілі. Арнаулы орыннан олардың қалай шығып кеткені әлі жұмбақ күйде қалып отыр. Бейнебақылау камераларына да түспеген, күзетшілер де ештеңені байқамаған. Бейімдеу орталығынан полиция бөлімшесіне оқиға болғаннан кейін екі сағат өткен соң ғана хабар келген.

«Қиын балалармен» жұмысты күшейту керек. Оларды үйірмелерге көптеп тарту қажет. Әсіресе, үйлерінде бос жүрген балаларға қырағы көзқарас қажет», – дейді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, ведомствоаралық комиссияның төрайымы Алтынай Әміренова.

Биыл қала бойынша 23 мектептің жанында лагерьлер, 115 үйірме мен 41 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. «Чайка», «Звездный» лагерьлерінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларын сауықтыру шаралары жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз