Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жас Қанат” байқауының продюсері: жарыс жолынан шығып қалған бір әншіні келесі кезеңге өткізе алам

Жалпы, фестивальге 70 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, республикалық жас орындаушылар байқауы 1992 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 300-ге жуық әнші бағын сынады.

«Жас Қанат» мектебінен Медеу Арынбаев, Сәкен Майғазиев, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Маржан Арапбаева мен әлем таныған Димаш Құдайберген секілді дүлдүлдер түлеп ұшқан.

Мұрат Ерғалиев, байқаудың бас продюсері:

– Биылғы байқаудың ең жас қатысушысының жасы – 15-те. Конкурсқа жасы 30-ға дейінгі таланттар қатыса алады. Жалпы жылда байқаудың форматын өзгертіп отырамыз. Мәселен, биыл қазылар таңдаған бірнеше адам екінші турға өтеді. Ал мен бас продюсер ретінде жарыс жолынан шығып қалған бір әншіні ІІ-турға өткізуге құқығым бар.

Айкүміс Сексенбаева, Kazakh TV арнасының бас продюсері:

– «Хабар» Агенттігі бірінші күннен ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр. Биыл да осы дәстүр жалғасады. Kazakh TV арнасынан осы айдың аяғында телевизиялық нұсқасын көруге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз