Жас баланы күрекпен сабаған адам табылды. Полицейлер Шымкент тұрғынынан жауап алуда.
49 жастағы кісі — баланың туған əкесі екен. Бес жасар баласын жалғыз өзі өсіретін болып шықты.
Баланың шешесі оны туа салысымен тастап кетіпті. Тұрақты жұмысы жоқ азамат жалданбалы жұмыспен күн көреді екен. Сондай кездері ұлын өзімен бірге алып жүретін болып шықты. Полиция елді шулатқан оқиға туралы толық ақпаратты жақын күнде таратпақ. Әзірге белгілісі, туған ұлына қорлық көрсеткен əке бірнеше арнайы сараптамадан өтеді.