Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Жарайсың, Құралай!..”. Көмек сұраған спортшы қызға қазақстандықтар ақша жинап берді

1127

Айта кетелік, кеше желіде қаржылай қиындыққа тап болған спортшы қыз коньки мен арнайы киім алуға және бапкерге төлеу үшін 825 мың теңге қажет екенін айтып, елден көмек сұрап еді.

Көп түкірсе көл демекші, бұл қыз үшін қазақстандықтар ақша жинап, ол 613 мың теңгені құрады. Бір конькиді Гүлжан 400 мың теңгеге алған екен. Енді оған үстіне киетін киімге ғана ақша жетпей тұрған. Бірақ спортшы қыздың бұл мәселесі де оңай шешіле кетті. Оған саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің дизайнер қызы Құралай көмектесетінін айтты.

Жанында елің барда еш жерде жоғалмайсың деген осы шығар!

Құралай Нұрқаділова чемпион қызға көмек керек екенін желіден оқыған. Сөйтіп бірден өзінің көмек қолын созыпты. Жыл соңына қарай спортшы қыз Алматыға келіп, модельермен кездеспек. Өстіп уағдаласыпты олар.

«Сататын түк қалмады». Ресейде жаттығып жүрген спортшы қыз — Гүлжан елден көмек сұрайды

“Костюмнің қандай болатынын ақылдасамыз. Гүлжанның ойын, өнерін, видеосын, музыкасын, көңіл-күйін ашатын сәтін, қандай қозғалысқа мән бергісі келетінін білген соң, соған икемді киім таңдаймыз. Міндетті түрде қызықты әлдене ойлап табамыз”, – дейді дизайнер.

Гүлжан Жұмаділова қазір Алматыдағы спорт мектебінде қашықтықта оқып жатыр. Өзі Мәскеуде дайындық үстінде.

Ол қарапайым отбасынан шыққан. Гүлжанды Ресейге жіберу үшін әкесі көлігін сатуға мәжбүр болған. Әр ай сайын спортшы бапкеріне 150 мың теңге төлейді екен.

«Билік соқыр ма?..». Ресейден келген қазақ ана тілінің мүшкіл хәлін көріп, жағасын ұстады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз