Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде жеңіске жетіп, Қазақстан кубогын иеленген Гүлжан Жұмаділова бүгінде Ресейде жаттығып жүр. Алайда 16 жастағы спортшы қазір қаржылық қиындыққа тап болған.
Қазір отандық жас спортшы жұптық мәнерлеп сырғанауға ауысқан. Осылай дәурені жүріп, биікті бағындыруға мүмкіндіктер туып жатқанмен біздің талантты қыздың қолы байлаулы. Ресейге аттанарда еш құзырлы органнан көмек ала алмаған Жұмаділова енді халықтан қаржылай көмек сұраймын деп отыр.
«Билік соқыр ма?..». Ресейден келген қазақ ана тілінің мүшкіл хәлін көріп, жағасын ұстады
Себебі, мұндай қаражатты қарапайым отбасының қалтасы көтермейді. Осыған дейін де біраз қаржы жұмсаған жанұя Қазақстанның даңқын асырамын деген қыздары үшін тіпті темір тұлпарларын да сатқан.
“Машинаны сатуға тура келді. Қымбат емес, арзанырақ сатып жібердік. Тезірек Мәскеуге жүру керек болды ғой.
Әкімдікке бір ай бұрын жазғанбыз. 15 күн күтіңдер деді. 15 күннен кейін қаржы жоқ деген жауап келді”, – деді Гүлжанның әкесі Бақытжан Орманбеков.
Алайда қазір Эстонияда жүрген мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың бас бапкері Құралай Үзірова елден көмек сұраған спортшының ісіне қатысты кейбір ақпарат дұрыс жетпеген деп есептейді.
«Осыны түсінбей отыр…». Асқар Жұмаділдаев қазаққа керек нәрсені айтты
“Олимпиадалық дайындау орталығы жаз айында керекті киімдерді сатып алу үшін спортшыларға қаржы бөлді. Гүлжан Жұмаділова да алған. Енді оған тек жұптық өнер көрсетуге және билеуге арналған коньки керек”, – деді Үзірова.
Гүлжан Жұмаділоваға өздеріне тартқысы келген ресейлік демеушілер де көмектеспек болыпты. Алайда бойжеткен “Отанымды сатпаймын” деп отыр.
«Өз жерімізде өзімізді төменге қояды…». Ринат Зайытов ашынып, ашығын айтты