Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясы Астанада бас қосты

Комиссия қызметінің мақсаты –

ҚР мемлекеттік органдарының ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы біздің халықаралық міндеттерімізді сақтау және Мемлекет басшысының бұл саладағы жаһандық бастамаларын іске асыру бойынша жұмысын үйлестіру.

Комиссия отырысының назарында елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігінің нығайту, сондай-ақ экспорттық бақылау жүйесімен халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылдыкүшейту мәселелері болды.

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінде үстіміздегі жылдың қаңтарындағы төрағалығы мен Дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының біріндегі қазіргі қызметінің қорытындылары шығарылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов отырыстың қатысушыларына әлемде кеңінен талқыланған, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 18 қаңтарда «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі отырысында сөйлеген тарихи сөзі туралы еске салды.

Сонымен қатар, комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары өткен кезеңде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз