Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жапонияда аттракциондарға отырған адамдарды үндемей, маска киіп сырғанауға шақырды

17 маусымда парктің екі топ менеджері ең қорқынышты американдық төбешік Fujiyama-да үнсіз сырғанады. Олар келушілерге үлгі көрсетіп,  эмоцияларын сыртқа шығармады,  медициналық масканы киюді де  естен шығармады.

Роликтің субтитрлерінде Fuji-Q Highland басшылығы «Ішіңізден айқайлаңыз» деген жазбаны шығарды.

Парк менеджменті #Mao («эмоциясыз бейне») атты науқан ұйымдастырды, оның аясында Fujiyama аттракционына келушілер әлеуметтік желілерде сырғанау процесінде айқайға берілмей, маска киіп тұрған сәттерінің видеосын жариялап, тегін билеттер ойнатылатын ұтыс ойынына қатысады.

Осындай қызықтыратын ұсынысқа қарамастан, пайдаланушылар арасында мұндай  аттракциондарда үнсіз сырғанауға  бола ма деген пікірталас тоқтар емес. Көпшілігі бұл өте қатал және күрделі өтініш деген пікір білдіруде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз