Жапондар – ерекше халық. Мәдениеті де қызық: музыкасы, киносы… Жалпы, байқасаңыз олар өзі біртүрлі.
Олар баяғыдан сондай халық екен.
VI ғасырдан XIX ғасырға дейін жапон еркектерінің орташа бойы небәрі 155 см болған. Өйткені VI ғасырда Қытай өзінің буддизм философиясын жапондармен «бөлісті». Жапондарға бұл дін ұнады, әсіресе ондағы «ет жемейтіндердің жаны жеңіл шығып, басқа адамға оңай қонады» деген тұсы. Содан ет жеуді күрт тоқтатқан жапондардың бойы VI ғасырдан XIX ғасырға дейін 10 см-ге кішірейіп кетті.
Түнгі алтын дегендері – адамның нәжісі. Оны құнды тыңайтқыш санаған. Кедейлерге қарағанда, байлардың боғы қымбатқа бағаланған, өйткені олар көп мөлшерде әртүрлі тағам жейді, содан олардың тоқ ішегінен шыққан «өнімнің» тыңайтқыштық қасиеті жоғары дескен.
Жыныстық қатынас мәселесіне келгенде – жапондар ежелден-ақ бұзылған. Ұят деген жоқ оларда. Секс туралы еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ашық айта береді. Өйткені жапон мәдениетінде бей-берекет жыныстық қатынас өзгелердегідей күнә саналмайды. Әу бастан солай кеткен.
Суқұзғын деген ірі жыртқыш құс бар. Соны жапондар балық аулауға үйретіп алған. Балықшылар түнде от жағып, балықты сол жерге үйіреді. Сосын ұзын жіппен қайыққа байланған ондаған құсты суға жібереді. Құс ұстаған балығын жұтып жібермес үшін оның тамағына да жіп орайды. Құстың жемсауы балықа толғанда, құсты қайыққа шығарып, балығын алып отырған. Жұмысын атқарған әрбір құсқа еңбекақы ретінде бір балықтан беріп қоятын.
Жапондарда некелесудің түрлі формасы бар. Соның бірі ерекше неке — цумадои. Оған сай, еркек әйеліне қалаған уақытында емін-еркін барып тұрады, бірақ онымен бірге тұрмайды. Мұндай некеге ұлдар 15 жастан, қыздар 13 жастан бастап тұра алады. Еркектің бірнеше әйелі болуына да рұқсат берілген.
Жапонияға христиан діні 16 ғасырдың ортасында келіпті. Бірақ 1614 жылдан бастап христиан дініне тыйым салынып, 3000-ға жуық жапон христиандары қинап өлтірілді, қалғандары түрмеге жабылып, айдауға жегілді. Токугава Иэясу саясатына сай, әрбір жапон отбасы будда храмына барып, христиан емес деген куәлік алуы шарт болған.
Ия, Жапоннияда жезөкшелер ежелден-ақ көп болған. Бағасына сай түрлі санатқа бөлінген. Ең қымбаттары таю, одан кейін коси, цубонэ, сантя және ең арзандары көшедегі, моншадағы жезөшкелер.
1617 жылы бүкіл жезөкшелер арнайы орындарда ғана қызмет көрсететін болды. Қыздардың ол жерден кетуіне тыйым салынған. Кету үшін қызды өзіне әйел еткісі келетін бай клиент оны аса қымбат бағаға сатып алуы тиіс болған. Оған ақшасы жетпеген қос ғашықтар «синдзю» жасайтын — жұптасып өздеріне қол салған. Олар келесі өмірде екеуміз бірге боламыз деп сенген.
Токугава заманындағы сотта біреуді ақтап шығу деген болмаған. Күдікке ілінгеннің барлығы айыпты деп танылған. Сот кезінде адамды қинаудың заңды төрт әдісі болды: шыбықпен соғу, таспен езу, жіппен қысу және жіпке іліп қою. Бұл әлі жазалау емес, тек қылмысын мойындату әдісі. Сосын қылмысын мойындаған адамды өлім жазасына кескен. Оның да түрлі әдістері болған: мысалы, басын шабу, немесе ыстық суда қайнату.
https://kaz.365info.kz/yndistannyn-symdygy-kieli-ozendegi-adam-shoshyrlykh-suretter-254318
Дайындаған: Аян Мырзабек