Ақтөбе облысының Қобда ауылында патрульдік полиция қызметкерлері 21 қараша күні 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезіліп, медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас күйде екенін анықтады.
Сонымен қатар, 2020 жылы бұл азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
«Құқық бұзушы Қобда ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр», – делінген хабарламада.