Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Енді кез келген жан баспана кезегіне тұра алады

Үйді бөлу кезінде жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар жандарға басымдық беріледі.

«ҚР азаматы мемлекеттен бір рет тұрғын үйге кезегіне тұруға мүмкіндік алады. Яғни оның атында соңғы 5 жылда үй болмауы керек немесе тұрып жатқан үйі апатты деп танылуы тиіс. Бұрын кезекке тұру үшін жаңағы мекемеге барып, өз санатыңызды растап, одан кейін тағы бір жерге барып кезекке тұру керек еді. Енді мұның қажеті жоқ. Тек Отбасына банкіне тіркелсе болғаны», – деді «Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай. 

Жалға берілетін пәтерлерді үлестіру де Отбасы банкінің құзіретіне кірді. Банк азаматтардың табыс деңгейіне байланысты шешім шығарады.

«Заңға сәйкес шешімді деректер қорынан қарап, шешім қабылдаймыз. Ары қарай, келісім жасап, оны алу әкімдіктің жұмысы. Кезектің барлығы әкімдіктің тарапынан Отбасы банкіне өткеннен кейін әкімдік тұрғын үй саясатына қатыспайды деген сөз емес. Әкімдік тұрғын үйді салу, оны жалға берумен айналысады», – деді «Отбасы банк» өкілі.

Аталған өзгеріс 6 айдан кейін күшіне енеді. Оған дейін қазақстандықтарды есепке қоюмен жергілікті әкімдіктер айналысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз