Қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек оқырманының сұрағына жауап беріп, жесір тақырыбын қозғады.
Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жауап берді.
«Аға, әйелім бар, ұлым бар. 3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін. Әрі қарай не істеймін» деп сұрақ қойды.
«Асыл арнаның» бұрынғы басшысы оған былай деп жауап берді:
«Жесір әйелге барған — сауап деген өтірік сөз ел арасында тарап кеткен. Соған сүйенген қаншама адамның жолы жабылып, өмірі талқан болды. Шамаң жетсе, сүйген екі жүректің емі — ақ неке. Басқа жол жоқ! Ал, зина — өзіңе де, отбасыңа да жамандық әкеледі. Тезірек тәубеге асығу керек», — деп жауап берді.