Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды.
Тергеу барысында биыл ақпан айында азаматша «Ш» өзінің танысы «К»-мен пәтерде масаң күйінде онымен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасады.
Әйел адамның жалған айыптауының нәтижесінде жазықсыз адам қылмыстық қудалауға ұшырап, тергеу жүргізілді.
Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен «Ш» Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген прокуратура хабарламасында.