Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жанарды жақсы көрем”. Азамат Сатыбалды неліктен жеке театр ашқанын айтты

Актер “Бір сен үшін” фильмінің ізін суытпай екінші кинокартинаны жарыққа шығаруға еңбектеніп кеткен. Қазір фильмнің сценарийі дайын тұр. Кинокартина “Родной” деген атаумен шығады.

“Басқа, бірінші фильмге ұқсамайды. Жанры – драма. Маусымның басында түсірілімді бастаймыз. Биылғы жылдың аяғы, болмаса келесі жылдың басында прокатқа шығады. Қазір соның дайындығы жүріп жатыр”, – деді Азамат Сатыбалды.

 

https://kaz.365info.kz/osygan-dejin-yndemep-em-bayan-alagozovanyn-zhan-dosy-shydaj-almaj-ketkenin-ajtty-304407

Сондай-ақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі өткеннен соң ел көлемінде фильмнің кастингі өтеді. Кастингте Азамат Сатыбалдының бала кезін сомдайтын 8 бен 13 жас аралығындағы егіз ұл ізделеді.

Азамат Сатыбалды өзінің жеке театры туралы да айтып берді.

“Жанар Мақашева деген актрисаны жақсы көремін. Мен Жанар Мақашевамен сахнада ойнағым келеді. Бірақ ол ТЮЗ-да (Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, – ред.). Бізді еш уақытта қоспайды.

Содан кейін мен жеке театр аштым. Мысалы, мен Жанар Мақашевамен жеке спектакльде ойнаймын. Өзіңе ұнаған, өзің қадірлейтін, өзің талантына бас иетін актерлармен сахнада кездесу, иық тірестіру, іштей жарысу актер үшін керек нәрсе. Менің Әуезов театрында тынысым тарылған жоқ. Өзімнің ойларымды жеке театрымда қоюға бел шештім”, – деді актер Азамат Сатыбалды.

Азамат Сатыбалды бастаған театр ұжымы наурыз айының басында Қазақстан бойынша гострольге аттанады.

 

 

https://kaz.365info.kz/korsetem-khajrat-nyrtas-demalystan-kejin-ne-istejtinin-ajtty-foto-304303

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз