Келесі жылдың 1-шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындалады.
Биыл зейнетақының мөлшері 20 процентке өсті. Оның ішінде қамсыздандырылған (солидарный) зейнетақы екі еселенді. Қаңтар айында 9 процентке, шілдеде 11 процентке өсті. Енді келесі зейнетақы көлемі 2018 жылдың қаңтарынан бастап ұлғаяды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
“Жасына және ұзақ мерзімді қызмет бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8 процентке өседі. Бұл өзгерістер 2 миллионнан астам зейнеткерге, яғни бүгінгі күні зейнетақы алатын әрбір адамға қатысы бар”, — деп жазылған хабарламада.
Мысалы, егер жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан кем болса, қызмет мерзімі ұзартылса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентіне тең болады. Жыл сайын он жылдан астам уақыт ішінде оның мөлшері 2 процентке өседі. Еңбек өтілі 33 және одан артық болса — бұл күнкөріс деңгейінің 100 процентін құрайды.
2018 жылғы 1-шілдеден бастап барлық зейнеткер базалық зейнетақыны бір реттік қайта есептеуден өтеді.
Нәтижесінде, 44 проценттен астамы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 проценттік базалық зейнетақысын, дәл осыншама адам 74-тен 100 процентке дейін зейнетақы алатын болады.