Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жаңа қаланың құрылысы басталды

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алғашқы құрылыс нысандарының іргетасын қалап, сырбойылықтарды осынау тарихи сәтпен құттықтады. “Өздеріңіз білесіздер, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттің өркендеуі жолындағы барлық бастама Ұлт Көшбасшысы, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Бүгінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің экономикасы кемелденген, дамудың даңғыл жолын ұстанған қуатты мемлекетке айналды. Біздің аймағымызда жасалып жатқан игі істердің барлығы да Елбасының тікелей қолдауының және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нақты көрінісі”, – деді аймақ басшысы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сол жағалауда бірінші кезекте бөлінген 9,8 га аумақта бүгін 18 көпқабатты тұрғын үйдің және 320 орынға арналған балабақшаның құрылыс жұмыстары басталды. Мұндағы нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен және мемлекеттік-жекешелік әдісімен салынып жатыр.

Сонымен қатар, осы шағын ауданда жастар орталығы, неке сарайы, “Болашақ” университетінің, онкологиялық орталықтың және жаңаша салынған Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратында қала музейі бой көтереді. Олардың жобасы дайын, қаржыландыру мәселелері негізінен шешілген, 600 орындық мектеп пен тағы бір 320 орындық балабақша құрылысы жобаланып жатыр екен.

Айта кетейік, Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту мақсатында жалпы көлемі 1 мың 532 гектар аумаққа бүгінгі талаптарға сай заманауи үлгідегі жаңа қала салу жобасы қолға алынып, былтыр Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында алғашқы нысан – ұзындығы 1,2 шақырым автомобиль көпірі пайдалануға берілген еді.

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз