Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өз-өзіне қол жұмсаған халық қалаулысы «Луговой» рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры қызметін атқарған. Жуырда өткен сенат депутаттығына Жамбыл облысынан түскен бес үміткердің бірі болатын. 56 жастағы азаматтың өлі денесін келіні тауып алыпты.

Тергеу барысында мәйіттен жіп ізінен басқа дене жарақаты анықталмаған. Нақты сараптама қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Ажал құшқан азамат бір күн бұрын кәсіби мерекелеріне орай қызметкерлерін құттықтап, бірге атап өтіпті. Кәсіпорында ревизорлық бақылаудың болғанын әріптестері де растайды.

“Жалпы жоспар бойынша, Ішкі Бақылау Департаменті Оңтүстік өңірлік бөлімі ревизиясының ревизоры Наурызбаева С. Н. Так-к-к, 4-і күні біз қарсы алдық, жұмысшыларды құттықтады, басшымыз арамызда болды, көңіл-күйі жақсы болды”, – дейді «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Филиалы «Луговой» рельс дәнекерлеу кәсіпорнының менеджері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз