«Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының ЕҚҚБ ПД қызметкерлері Шу ауданының құмды аймағында бұрын сотты болмаған 35 жастағы Шу ауданының тұрғынын ұстады.
Ер адамнан жалпы салмағы 1 278 кг болатын есірткі өсімдігі марихуанна тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының УҰИ-на қамауға алынды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.