Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жамбыл облысының тұрғыны өзін кәсәпкердің 11 жыл бойы құлдықта ұстағанын айтты (видео)

https://kaz.365info.kz/zhymyskha-zhegu-kerek-oz-akesi-ysh-ret-zorlagan-khyz-pedofilderdi-pishtiruge-kharsy-shykhty-332055

Әпкесі оны алып кетуге келгенде інісі бармайтынын айтып қорыққан. Әпкесі Гүлбағира Әубәкірова жұмыс берушінің оны әбден қорқытып, үркітіп тастағанын айтады. Екі күннен соң журналистер мен полицияны ертіп, әпкесі сол жерге қайта барды.

Ал, кәспкер жұмысшыға ай сайын ақшасын беріп, тамағын беріп отырғанын айтты.

“Құл ғып жұмсағанда мен мұны Байзақ ауданына тіркеуге тұрғыздым. Мысалы, кетем деген адам, мына жерді тастайды да бір күнде кетеді де қалады. Бұл жерде ешкім оның қолына кісен сап ұстап отырған жоқ. «Жетіммін, ойбай ешкімім жоқ» деген соң мен оған қолғанат болдым. Ақшасын беріп отырдым айлық есебінде. Ең азы тамақ-памағымен есептегенде 15 мыңнан кем болған жоқ. Нан ұрып кетсін мені, мен Құдайдың алдында күнәлі болғым келмейді. Колбаса десең колбаса, жұмыртқа десең оны бердім. Кеше мынандай ғып ет пісіріп алып келдім”,  – деп ақталды кәсіпкер Жомарт Наурызбай.

 

https://kaz.365info.kz/analar-adeji-istedi-khuat-hamitov-golovkinnin-zhenilisine-khatysty-oz-ojyn-zhariya-etti-332070

Ал, әпкесі оның бір сөзіне де сенбейді. Інімді құл қылып, қорқытып, жібермей келген деп отыр.

«Бармаймын, Жомарт менің паспортымды бермейді. Ол мені өлтіреді»,-деді. Әбден қорқытқан ғой. Ұстатпайды, жолатпайды. Адамның құқығын таптау емей немене енді? Құл ғой, міне қарасайшы өзінен сұрашы айналайын-ау, мына фазендадан анау Құмжотаға дүкенге жібермейді екен”, – дейді әпкесі.

Бейсен Анарбектің өзі бұған дейін адам өлтіру ісі бойынша сотталып, екі жылдан соң ақталып шыққан. 11 жылын мал бағумен өткізген.

Оның жақындары полицияға арыз жазып, 1 млн 200 мың теңге талап етті. Кәсіпкер де оларға қарсы арыз жазып, соттасып жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз