Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

110
Сурет: Бас прокуратура

Бас прокурордың бұйрығымен үшінші дәрежелі әділет кеңесшісі Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды.

Кандидатура мемлекет басшысымен келісілді, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Нұрғалым Мәжітұлы Әбдіров 1967 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Арнайы прокурорлар департаменті, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті және Бас прокуратураның ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаментін басқарған.  Астана, Алматы және Оңтүстік-шығыс аймақтық көлік прокуроры, Ақтөбе және Түркістан облыстарының прокуроры болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз