Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Жамбыл облысының әкімі: ауылдар бір аптадан соң ғана жарықпен қамтылады

Барлығы облыс бойынша 67 – білім беру, 7 – денсаулық сақтау, 8 – мәдениет және басқа да нысандардың жабындылары бүлінді.

Қалпына келтіру жұмыстары қарқынмен жүруде. Сумен және газбен қамту барлық жерде 100 пайыз берілді. ЖЭО екі блокпен жұмыс істеуде. ГРЭС үш блокпен 400 МВт электрэнергиясын таратуда. Қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне 35 адам жүгінген. Үшеуі – бас-ми жарақатымен, бірақ ауыр халде емес. Олар қазір ауруханада жатыр. Қалғандары көрсетілген медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды», – деді өңір басшысы деп хабарлады ҚазАқпарат.

Көкірекбаев Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай жарияланғандығын мәлім етті.

«Құрылған комиссиялар келтірілген шығын көлемін есептеумен айналысуда. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тиісті тапсырмалар жүктеді. Қалпына келтіру жұмыстарын қысқа уақытта аяқтаймыз», – деп нақтылады аймақ басшысы.

Бүгінгі уақытта Жамбыл облысы бойынша басты түйіткіл халықты электрэнергиясымен қамту болып отыр.

Дауыл салдарынан 53 мың абонент жарықсыз қалды. Тиісті бригадалар түнімен жұмыс істеді, бірақ 37,7 мың абонент әлі да электр жарығынсыз қалып отыр.

Шенеуніктер ең көп дегенде бір апта ішінде бұл мәселені шешуге уәде етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз