Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Астана – Сарыағаш жолаушылар пойызы өз бағыты бойынша жүре алмай тұр. Жолсеріктердің мәліметтері бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуінің салдарын жою үшін шамамен бес сағат күту керек.

“Алдын ала мәлімет бойынша, вагондардың рельстен шығып кетуіне 28-вагон қапталындағы раманың сынауы себеп болған, иесі – “ИСТКОМТРАНС” ЖШС. Шу және Сарышаған станцияларының қалпына келтіру пойыздары іске кірісті. Бес жолаушылар пойызы кешіктірілді. Жолды ашу уақыты шамамен 18.00. Зардап шеккендер жоқ”, – деді баспасөз қызметіндегілер.

Компания өкілдерінің айтуынша, апаттан келген шығынды жүк вагондарының иесі өтейді. “Ұлттық компанияда бұл оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды”, – деді баспасөз қызметінің мамандары.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз