Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты Талас өзеніне бөгет қойылды

101

Бұрын хабарланғандай, 5-қазанда Байзақ ауданында жергілікті көлемде төтенше жағдай енгізілген. Талас өзенінде су тасып Қостөбе ауылындағы тұрғын үйлерді су алып кеткен. Бұл Киров су қоймасынан мөлшерден тыс су жіберу салдарынан болды.

«Төтенше жағдай салдарын жою үшін азаматтық қорғаныс бойынша аудандық бөлімнің 10 қызметкері, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, Қостөбе ауылының 25 тұрғыны тартылды. Сонымен қатар 12 техника жұмылдырылды», – деді Жұмабек Мұхатов.

«Талас» теміржол стансасынан Тараз стансасына дейінгі тас жолда жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы оқиға орнын бақылауда, деп атап өтті Байзақ ауданының әкімі.

Жамбыл облыстық әкімдігі Қырғызстан Республикасының Талас облысының әкімшілігімен бірлесе Киров су қоймасынан су жіберуді азайту мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз