Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысында қарындасын зорлаған жігіт 15 жылға сотталды

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, биыл 11 қаңтарда үйіне кештетіп келген А. деген азамат сағат 23:00 шамасында Тараз қаласында,  өз төсегінде ұйықтап жатқан қарындасының үстіне кіріп келеді. Үйде ешкімнің жоқтығына көз жеткізген А. қарындасы Б-ны еркінен тыс зорлаған.

Соттың үкімімен А. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған балаларды тәрбиелеумен, не болмаса балалармен байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оған бұл мерзімді түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз