Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысында ана өлімі 3 есеге өскен

Ана мен бала денсаулығы бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Құралай Саринаның айтуынша, 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ана өлімі 3 рет тіркелген. Ана өлімінің көрсеткіші 12,6 пайызды құраған, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өскен. Акушерліктегі қиын жағдай 3 есеге өскен.

«Қиын жағдайларды сараптау кезінде акушерлікте бала босандыру ұйымдарынының бірінші басшылары тарапынан бақылаудың төмендегені, қиын жағдайды құлақтандыру ережесінің сақталмауы, жағдайды дұрыс бағаламау және басқа да тәртіп бұзушылықтар қиын жағдайға әкеліп соқтырады. Осындай оқиғалар Сарысу, Қордай, Шу аудандарында, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 қалалық ауруханада және Тараздағы облыстық ауруханаларында байқалды», – деп атап өтті Құралай Сарина.

Отырыста аталып өткен бала өліміне тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 11 айында облыс бойынша тірі туылған 1000 балаға шаққанда 8,8 пайызды, ал 2015 жылы – 10,6 пайызды құраған. Яғни, 17 пайызға төмендеу байқалады. Бала өлімінің көрсеткіші бойынша Жамбыл өңірі ҚР тізімінде 7-орынды алып, республикалық көрсеткіштен 0,3 пайызға жоғары (ҚР – 8,5 пайыз, Жамбыл облысы – 8,8 пайыз).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз