Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жамбыл облысында 7 отбасы тұратын ауыл халқы айдалада қалды

Мектепте 1-4 сынып аралығында бар-жоғы алты оқушы білім алуда. Шәкірттерге 23 пән бойынша жалғыз мұғалім дәріс береді. Бірақ ағылшын тілін үйрену оқушыларға мұң. Өйткені шет тілінің маманы оқу жылы басталғалы жоқ.

«Ағылшын тілі мүлдем оқытылмайды. Арасында оқимыз. Бұрында ағай келіп бір екі рет оқытқан ағылшын тілін», – дейді 4-сынып оқушысы Іңкәр Молдияр.

Ата-ана ұл-қыздары сауатсыз болып қала ма деп алаңдаулы. Ал білім бөлімінің басшылығы ағылшын тілі пәнінің оқытылмауын маман тапшылығымен түсіндіреді. Яғни, шалғай ауылға мұғалімдердің келгісі жоқ.

 «Мына мектеп биыл бітеді. Соңғы бала өзіміздікі. Осымен мектеп жабылады. Жол сұраған күнде мектеп ашылмайды, оны не істейміз. Луговой жақтан там берсе дейміз. Өйткені күйеуім теміржолда істейді. Балаларымыз интернатта қаңғырып оқып жатыр. Бізге баяғыда там беріледі деп әкім айтып кеткен», – дейді Құмарық бекетінің тұрғыны Алтынай Әлімбекова.

Ауылдағылар азық-түлік алу үшін 15 шақырым жердегі аудан орталығына барады. Онсыз да жолы нашар бекетке қыста қатынау тіптен қиын. Сондықтан тұрғындар қоныс аударуды қалайды. Бірақ оған қаражат тапшы. Ал шенеуніктер қиналған жұртқа көмек қолын созуға асығатын емес.

«Аудан басшысымен ақылдассақ па деген ой бар. Қазіргі тұрып жатқан 7 үй жұмысы бар адамдарға үй қарастыру үйдің кезегіне тұрғызу. Жоспарда бар. Аудан есебінен тұрғын үй салынған. Соған кезекке тұрғызсақ па дейміз», -деді Көкдөнен ауылдық аймағының әкімі Әбдіәшім Ілиясов.

Бұл сөзге қарасақ, 7 шаңырақтың талап-тілегі жуырда орындалмайтын тәрізді. Өйткені шенеуніктер елді көшіру үшін Құмарық бекетін келешегі жоқ елді мекендер тізіміне енді енгізгелі жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз