Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жаманқұловтың ісі: «Феникс» фильмінің операторынан жауап алынды

Оның айтуынша, Жаманқұловтан ешқандай тапсырмалар түспеген.

«Қазақфильм» киностудиясымен арада авторлық құқық мәселесіне қатысты келісім-шарт жасастық. Бұл шартта мен өзімнің авторлық құқығымды «Қазақфильм» АҚ беретін болып, қол қойдым. Мен түсірілім жұмыстарына қатыстым және операторлар тобына басшылық жасадым. Біз жобаның сахна жұмыстарын түсірдік. Біз алдын ала дайындық барысында қажет деген кадрларды түсірдік. Дайындық шаралары Байқоңырда болды.

Болжамды кезеңде 1-1.5 ай жұмыс істеп, 500-600 теңге жалақы алдым. «Қазақфильм» АҚ бөлек маған еш жерден ақша түскен жоқ. Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем болды. Жобаны консервациялағаннан кейін, «Қазақфильм» АҚ арадағы келісім-шарт бұзылды»,

– деді қоюшы-оператор.

«Феникс» фильмінің түсіріліміне арналған бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалып, 2016 жылы, 2-қарашада, актерТұңғышбай Жаманқұловтың ұсталғаны белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ақпараты бойынша, тергеу «Қазақфильм» АҚ тарапынан Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС есепшотына фильмді түсірудің дайындық алды және дайындық кезеңдеріне 79 миллион теңге аударылғандығын анықтаған. Осы соманың 69 миллион теңгесін Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС арқылы, осы компанияның құрылтайшысы, әрі фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов ұрлаған.

ҚР халық әртісі өзінің қорғаушысының қатысуымен, бюджеттік қаражатты ұрлағанын мойындап, келтірілген залалды өтеуге міндеттенді.

2016 жылы, 5 желтоқсанда, «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Гауһар Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдинаның қатысты екені дәлелденіп, кейінірек, олар сот санкциясы берілгеннен кейін тұтқындалған болатын. Жаманқұлов, Юдина және тағы басқа адамдар өздерінің кінәсін мойындады.

9-наурызда, Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты «Феникс» фильмінің түсіріліміне арналған бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ лауазымды тұлғалары мен «Т.К. Turan Universal Business» ЖШС қызметкерлеріне қатысты сот отырысы басталды. Іс бойынша 9 адам сотталып жатыр: ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, туынды режиссері Талғат Жәнібеков, «Қазақфильм» топ-менеджері Гаухар Ысқақова, фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдина, туынды редакторы Ғизат Сұлтанов, түсірілім тобының директоры Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров, жеке кәсіпкер Илья Коробейников және туындының екінші режиссері Бижан Әбішев.

14-наурызда, сот процесінің қатысушылары болжамды жымқырылған ақшаның сомасын анықтады. Кезекті отырыста Тұңғышбай Жаманқұловқа қарасты компанияның есепшісі ЖШС жалақысы мен штаттық кестесі туралы баяндады.

Естеріңізге салатын болсақ, «Феникс» фильміне байланысты жағдай соттың талқылауына түскен болатын.

Атап айтқанда, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлыны ақша бопсалады деп кінәлаған Талғат Жәнібековке қатысты қылмыстық іс қаралған. Режиссердың айтуынша, министрдің кесірінен «Феникс» атты фантастикалық фильмін түсіру жұмыстары тоқтап қалған.

Today.kz редакциясына берген эксклюзивті сұхбатында А. Мұхамедиұлы шиеленісіп жатқан жағдайды оның беделін түсіру арқылы лауазымынан айыруға бағытталып ұйымдастырылған кампаниямен байланыстырды.

Министрдің пікірінше, айыптылар тарапынан көтерілген байбалам – бюджеттік қаражатты ұрлағандары үшін жауапкершіліктен құтылудың амалы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз