Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы “Феникс” фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Соталды тергеу барысында Жаманқұловтың 6 миллион теңге көлемінде шығынды ішінара өтегені айтылады. Айта кетейік, актер осыған дейін өз кінәсін толықтай мойындаған болатын.
“Қазіргі уақытта іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасы қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі”, – деді Кексель.
Айта кетейік, қаражат жымқыру ісінде режиссер Талгад Жәнібековтің де аты аталады. Ол өткен жылдың желтоқсанында 2 айға қамауға алынған болатын.