Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Жалған құжат ұсынған…» Жамбыл облысының полициясы 250 оралманға қатысты пікір білдірді

123

Ағымдағы жылдың шілде айында КТК телеарнасы Қытайдан 2015 жылы көшіп келген этникалық қазақтардың Қазақстанда жалған ықтиярхатпен тұрып жатқанын хабарлаған болатын. Қолданыстағы заңнамға сәйкес, олар елден депортациялануы тиіс. Ал сол бауырларымыздың сөзіне сенсек, егер олар Қытайға қайтарылса, ондағы жаңадан қабылданған заң бойынша сотталуы мүмкін екен.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасына жіберген сауалнасына жалған құжаттың берілуіне Жамбыл көші-қон полициясы қызметкерлерінің ешқандай қатысы жоқ деген жауап келді.

«2015 жылы ҚХР азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ықтиярхат беру туралы өтініш жазған. Өтініштер 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрықтың талаптарына сәйкес қабылданған, тіркелген және қаралған. Қажетті материалдардың барлығы жиналған. (…)

 

Бірақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруінен кейін

тұрақты тұруға тіркеу және рұқсат беруге негіз ретінде ұсынылған құжаттар жалған екені анықталған.

Яғни, шетел азаматтарына жалған құжаттың берілуіне біздің қызметкерлердің ешқандай қатысы жоқ», – деп мәлімдеді облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасындағылар.

Олардың елден шығарылуы мүмкіндігі жайында көші-қон полициясы берген жауапқа қарасақ, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, азамат елден өз бетімен шығудан бас тартса, мәжбүрлі түрде шығарылады екен.

«Қазіргі кезде 250 шетел азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жөніндегі мәселе қаралуда», – дейді облыстық ІІД КПБ-дағылар.

Басқарма басшылығының қарағанда, көші-қон полициясы бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына қатысты, олардың жұмысында құқық бұзушылықтың бар-жоқтығын анықтау үшін тәртіптік іс ашылған.

Қызметтік тексерістерден кейін, оның нәтижелері туралы ақпарат берілетін болады, – дейді шенді полицейлердің жауабында.

Естерңізге салсақ,  2017 жылғы 17 шілде күні «КТК» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінің журналисті Руслан Әбдіхалық «Тараздағы көші-қон полициясы арқылы құжат рәсімдеген қандастар елден қуылуы мүмкін», деген хабар таратып, оралмандарға рәсілдеген ықтиярхаттың жалған екені белгілі болған-ды. Еліміздегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ықтиярхаттары жалған болып шыққан осы 250 оралман елден депортациялануға тиіс.

Бірақ, «Шынын айтқанда,

біз делдалдар мен жемқорлардың құрбаны болып отырмыз»,

деп шырылдаған ағайын еліміздің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтан араша сұраған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз