Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жалаңаш жігіттер масқара болды”. Саунадағы видеоға қатысы бар адам табылды (видео)

333

https://www.youtube.com/watch?v=nf97GY4DXFI

“Армысыздар, мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Менің аты-жөнім – Магомедов Эрик Магомедович. Ақтауда тұрамын. “МАЭК-Қазатомөнеркәсіп” ЖШС-да жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мен және менің таныстарым моншада жүрген видео таралып жатыр.

Достарымның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында қызмет етпейтінін айтқым келеді.

Видеода танысым маған жеке компанияның жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметкердің куәлігін табыстаған, бұл компанияның құқық қорғау органдарына еш қатысы жоқ. Бұл видео менің келісімімсіз жарияланды”, – деп мәлімдеді ер адам деп хабарлады Тengrinews.kz.

“Осы видеоны жаза отырып, қоғамға, туыстарыма моншадағы оқиғаның сөзден жаңылысқан жағдай болғанын түсіндіргім келеді. Осы әрекетіммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының абыройына нұқсан келтірген болсам, кешірім сұраймын”, – деді ол.

Айта кетелік, Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер бұл видеоның антикоррупциялық қызмет органдарына қатысы жоқ екенін айтып отыр. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, видеодағылардың ешқайсысы да Ұлттық бюро қызметкері емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз