Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Жақында наразылықтардың жаңа толқыны пайда болуы мүмкін – әлеуметтанушы

Жарты жыл-бір жылдан кейін қаңтардағы оқиғалар қайталануы мүмкін екенін айтады әлеуметтанушы Тимур Айсаутов. Бұл жолы бұзақылар мен ұрылар болмауы мүмкін, бірақ қоғамның наразы бөлігі өздерін сенімді ұстауда. Осы уақыт ішінде билік наразылықты азайтуға көңіл бөлуі керек, бірақ жазалау шаралары бұдан былай көмектеспейді.

Халықтың әлеуметтік нашар бөлігінің жоғалтатын ештеңесі жоқ

– Тимур, қалай ойлайсыз, наразылықтардың жаңа толқыны болуы мүмкін бе? Егер болса, дәл қай жерде? Қазір өңірлерде не болып жатыр, көңіл-күй қандай? Дегенмен, “қаңтар трагедиясы” бірден бұзақылықтан басталған жоқ қой. 

– Шындығында, бүкіл ел ауқымындағы қаңтар оқиғасы туралы толық жедел мәліметтер аз. Оған қоса, олардың халыққа және олардың көңіл-күйлеріне әсері туралы да көп емес. Бір әлеуметтік зерттеудің өзі орташа есеппен бір жарым айға созылады, сондықтан деректер наурыз айына қарай дейін пайда болады. Әзірге біз ашық ақпарат көздерінен келген жаңалықтар ағынымен ғана пайымдау жасай аламыз…

– Кейбіреулер негізгі ошағы Алматыда болғанын айтады.

– Әрине, ең ауқымды ойрандау мен өртеу орын алған бұзақылықтар, үлкен тәртіпсіздіктер осы жерде болды. Алайда Алматы жалғыз ошағы емес, ол Талдықорғанда, Шымкент және Ақтөбе қалаларында да орын алды — бірақ ауқымы әлдеқайда шағын болды.

Бірақ батыс аймақтарда ешқандай тәртіпсіздік болған жоқ

Онда жағдайды толығымен митингке шығушылар бақылап отырды, оған қатысушылар қарақшылардың және бүлікшілердің белсенді әрекетіне жол бермеді. Бандиттерге наразылық қозғалысына нұқсан келтіруге мүмкіндік берілмеді. Алматыда бейбіт шерушілердің бастамасын, дегенмен, пайдаланып кетті.

– Біраз уақытқа дейін көптеген адамдар Нұр-Сұлтанда да бүлік шығады деп ойлады.

– Елордада алғашқы күндері адамдар “Артем” сауда орталығының жанына жиналды, бірақ айтарлықтай көп адам жиналмады. Мұнда биліктің бақылауы мықты болды, жиналғандар таратылды және осымен бәрі аяқталды.

Жалпы, елордалық тұрғындар өте пассивті, сондықтан басты қауіп – басқа аймақтардан автобустар және пойыздармен келетіндерден болды.

— Яғни, онда адамдардың көбісінен наразылық сезілмей ме?

– Онда да наразы адамдар бар. Бірақ елде белсенді наразылық бар, “диванда жатып наразылық білдіретіндер” де бар.

Нұр-Сұлтанда сол “дивандық” наразылық, барлық әлеуметтік сауалнамалар осыны көрсетеді

Алматыда да белсенділердің үлесі көп емес, бірақ елордаға қарағанда көбірек.

— Бірақ егер Алматыда да аз болса, содырлар пайда болғанға дейін алаңға неге шықты?

– Себебі Алматы – үлкен қала. Мұнда ресми түрде екі миллион адам тұрады, ал іс жүзінде үш миллион бар. Белсенділердің пайызы аз болғанымен, олардың жалпы саны өте көп, сондықтан да

әлеуметтік нашар топтан, жоғалтатын ештеңесі жоқ алмағайып адамдардың тобы жинала кетті

Түрлі бағалаулар бойынша, көшеде 20-дан 100 мыңға дейін адам болған. Бұл жағдайдың бақылаудан шығуына әбден жеткілікті.

Жалпы, жетістікке жету үшін халықтың жүз пайызы көшеге шығуы қажет емес. Тәжірибе көрсеткендей, түрлі елдерде бес адам да жеткілікті болған.

Халыққа артық “қозғалыстар” ұнамайды

– Мүмкін, басқа аймақтарда да саны аз халықтың аз ғана пайызы шыққан шығар?

– Сол Маңғыстау және Атырау облыстарында халық саны шынымен де өте аз, бірақ онда әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей

онда белсенді наразылықтарға, яғни митингтерге қатысуға дайындықтың көрсеткіші ең жоғары көрсеткіштердің бірі

Әлеуметтік сауалнамаларда тіпті осындай бір ерекше сұрақ қойылған. Қалған өңірлер салыстырмалы түрде пассивті болып шықты: Алматы шамамен ортасында (көшбасшыларға жақын болса да), Ал Нұр-Сұлтан тіптен аутсайдерлер қатарында болды. Жалпы наразылық онда да бар, қала тұрғындары көптеген шағымдарын білдіріп және билікті қатты сынға алса да, көшеге шығуға дайын болмады.

– Ал оңтүстіктің дайындығы қандай болды? Онда да жергілікті тәртіпсіздіктер орын алса да, Алматы ауқымына сай емес сияқты.

– Оңтүстікте пассивтілік деңгейі батыс тұрғындарына қарағанда төмен. Тіпті қазақ фольклорында да “кіші жүзді қару беріп жауға қой” деп айтылады. Оңтүстікте халық бейімделуге дайын, олар соншалықты белсенді емес және икемді. Бір ғана бұрынғы ОҚО-да 3 млн-нан астам халық болса, Шымкент — миллионнан аса халқы бар қала. Яғни, тығыздығы үлкен, бірақ менталитеті басқа.

– Бірінші сұраққа қайта оралсақ, қайталануы мүмкін бе?

– Әзірге нақты деректер жоқ, тек тәжірибем мен оқиғаның жай-жапсарына қарап айта аламын. Бір жағынан, билік қазір реформалауда батыл қадамдар жасап жатыр.

Бірақ сонымен бірге ол көптеген артық нәрсе жасауда, бұл халыққа ұнамайды

Ең алдымен, бұл қуғын-сүргін, жиі негізсіз қамауға алу және т.б. Түрлі деректер бойынша, Қазақстан бойынша бірнеше мың адам ұсталды және әлі күнге дейін босатылмады. Яғни, қазір азаматтарды ойландыратын негізгі фактор – билік бейбіт митингтерге қатысқан адамдарға қандай шара қолданады.

Тергеу ашық емес, қатысушыларды көбінесе террористер қатарына қосып жіберуде, ұсталғаннан кейін қайтыс болған адамдар да бар — мұның бәрі әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда. Түрлі деректер бойынша, бірнеше мың адам ұсталып, әлі күнге дейін босатылмаған. Яғни, наразылық сақталуда және оған күш қолдану әдістерімен тыйым салу мүмкін емес. Сондықтан

тіпті экономика мен әлеуметтік блокты реформалау талпыныстарына қарамастан, қазір бәрі бұзақылық деңгейін төмендету үшін жасалып жатыр деп айта алмаймын

Өлген адамдардың саны туралы нақты мәліметтер де жоқ, дегенмен билік санын атады, 260 қарапайым адамдар мен 18 қауіпсіздік қызметкері деген сияқты. Бірақ бұл алдын-ала айтылған мәліметтер болатын.

Күш қолдану әдістері енді нәтиже бермейді

Наразылық көңіл-күйін төмендету үшін биліктің шамамен алты айдан бір жылға дейін “уақыты” бар. Егер осы уақыт ішінде нақты нәтижелер болмаса, белсенді наразылықтардың екінші толқынын күтуге болады. Халық өз күшін сезінді, сенімділік оянды – басқаша айтқандай, “қанның дәмін сезді”. Оның үстіне, бұл наразы бөлігі. Енді күш қолдану, тұтқындау және қуғындау нәтиже бермейді.

— Сонда не нәтиже бере алады? Ешкімге жаңа тәртіпсіздіктер қажет емес.

– Жоғарыда айтқанымдай, реформалар. Экономикада да, сол сияқты саяси салада да табыстар қажет. Парламентті реформалап, оппозицияны құру керек. Төбелес көшеде емес, Парламентте болсын – сол әлдеқайда тиімдірек.

Біздің шығыстық және кең далада өскен менталитетімізді ескере отырып, ұзақ уақыт бойы саяси реформаларды кейінге қалдыру мүмкін емес. Әйтпесе, біз қырғыздың сценарийіне жүгінеміз, әрбір екі жыл сайын билікті өзгертеді.

– Екінші толқын дегенде, өрт қою, бүлік шығару ма әлде бейбіт митингі ма? Екінші бүлікті болуы мүмкін бе?

– Бұзақылар тағы да келе ме, жоқ па айта алмаймын. Бірақ митингтердің қайталануы мүмкін деп санаймын, өйткені биліктің қазіргі әрекеттерін әлсіз үштікке бағалаймын.

Еске сала кетейін, митингіге шығушылардың 80%-ының талабы саяси сипатта болды, тіпті адамдарды митингке шығуға әлеуметтік-экономикалық қиындықтар итермелесе де. Тиісінше, билік саяси салада да шаралар қабылдауы керек.

Кезең-кезеңмен болса да, бір жыл ішінде қандай да бір нәтижелерді көруіміз керек. Саяси өзгерістерсіз экономикалық реформалардың тиімділігі әлсіз болатыны сөзсіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз