Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жақсылыққа үміттеніп, ең нашар жағдайға дайын болуымыз керек — Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы

177
Сурет: elbasy.kz

Бүгінгі таңда бүкіл әлем коронавирустың екінші толқынына дайындалуда. Барлығы пандемияның салдары және ең алдымен экономикалық мәселелер халық арасында дүрбелең тудырады деп ойлайды. Әрине, бұл тұрғыда алдын-ала жұмыс істеу керек. Яғни, оқиғаларды дамытудың кез келген нұсқаларына сәйкес іс-қимыл жоспарларын анықтауға мүмкіндік беретін сценарийлерді әзірлеуді қажет етеді. Оның ішінде ең нашар жағдайға да дайын болғанымыз жөн.

16 қыркүйекте  Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы осы мәселеге арналды.

Қажетті ресурстарға басымдық беруіміз керек

Отырыс барысында пандемия дамуының ең нашар сценарийіне және онымен байланысты қауіптерге дайындықты қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетілді.

Біріншіден,  COVID-19 алғашқы толқыны ауыр зардаптарға әкелді.  ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханомның айтуынша, ол кезде жеке қорғаныс құралдарына сұраныс 100 есе артты. Бұл бағаның жиырма есе қымбаттауына әкелді. Сонымен қатар медициналық тауарларды жеткізу қызметі төрт-алты айға кешіктірілді.

 

Тазалау жұмыстары: білім министрлігі ЖОО-ларды қысқартуда, ал сот студенттердің жағына шықты

Жақында Австрияда коронавирустың екінші толқыны басталғаны туралы хабарланды, онда күніне 850-ден астам жаңа вирус жұқтырғандар тіркеледі. Сонымен бірге, ДДҰ қазіргі медицинаның мүмкіндіктерін ескере отырып, пандемияны екі жылдан кейін жеңуге болады деп болжам жасады.

Ең алдымен, пандемияның жаһандық «екінші толқынына» ресурстарды дайындауымыз қажет:

  • адамдарды азық-түлікпен және дәрілік заттармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
  • әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізсіз қымбаттауына және тарифтердің өсуіне жол бермеу.

Осы қатерлердің алын-алу үшін  жұмыс істеу керек, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде әлемнің қалай дамитыны туралы пайымның болуы маңызды.

Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі кезеңде даму болжамдарын, қатерлер мен мүмкіндіктерді тұжырымдамалық тұрғыдан пайымдауды тапсырды.

Қысқа қарай нанның бір бөлкесі 90-95 теңгеге қымбаттайды — сарапшы болжамы

Әлемнің барлық елінде  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде коронавирустың таралуына байланысты ең нашар жағдайға дайын болу маңызды мәселе ретінде қарастырылуда. Бұл тұрғыда коронавирустың алғашқы толқыны кезінде көктемде болған қиындықтарды ескергеніміз жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз