Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Тазалау жұмыстары: білім министрлігі ЖОО-ларды қысқартуда, ал сот студенттердің жағына шықты

661
Сурет 24.kz сайтынан алынды
Жоғары оқу орындарын тексеру саладағы көптеген олқылықтарды анықтады:

  • талапкерлерді қабылдау,
  • профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) біліктілігін арттыру,
  • ПОҚ конкурстық орналастыру,
  • ПОҚ педагогикалық жүктемесін жоспарлау,
  • білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу.

Бұл мәліметтерді Білім министрлігі 16 қыркүйекте хабарлады.

Сапаға жауаптылық

Екі күн бұрын ведомство жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысты республикалық конкурстық комиссияның шешімін жариялады.

«Қоғам мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатаң көзқарасты талап етті. Биыл біз мұны жүзеге асырдық, бірақ бұл белгілі бір университеттердің наразылығын тудыратынын білдік.

Республикалық комиссияның шешімімен конкурс талаптарына сәйкес келмейтін 30-дан астам ЖОО 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖОО тізбесінен алынып тасталды

Байқауға барлығы 108 жоғары оқу орны қатысты. Мемлекеттік тапсырыс орналастырылғандар саны айтарлықтай қысқарды. Мысалы, «Құқық» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша мемлекеттік грант бойынша оқыту тек 10 ЖОО-да жүзеге асырылатын болады. Басқа бағдарламалар бойынша да айтарлықтай өзгерістер болды», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Білім және ғылым министрлігінің атына жолданған лицензиясынан айырылған ЖОО тізімін ұсыну туралы өтінішіміз қабылданбады.

Комиссия құрамына Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығы да кіргендіктен, біз оның президенті Рахман Алшановқа: Іріктеу қандай критерийлер бойынша өтті? Неліктен реттеуші тек 2020 жылы оянды? деген сауалдар қойдық.

Рахман Алшанов, дереккөзі: new.turan-edu.kz

Қайда барып оқиды?

— Қазір республикада 130-ға жуық ЖОО бар, — дейді қауымдастық басшысы. —Оңтайландыруды жүргізу туралы әңгіме бұрыннан айтылып келеді. Министрлік мұны жасауға тырысуда. Өйткені объективті түрде біліктілік талаптары сақталмайтын жоғары оқу орындары бар.

— Талаптар объективті ме?

— Әрине даулы мәселелер бар. Егер қандай да бір талаптар болса, оларды әлі де саралау керек деп айтамыз. Бір ЖОО аккредитациядан өтті. Онда 47 мамандықтың жартысынан көбінде тек 1-2 студент оқиды. Басқа ЖОО-да мамандықтардың жартысы аккредиттелмеген. Не істеуге болады? Объективті  түрде айтатын болсақ, оларға мемлекеттік тапсырысты орналастырмау керек.

Бұл білім алушылар үшін белгі болады: білім беру қызметтерін көрсетуге лицензия бар, бірақ ЖОО-да мемлекеттік тапсырыс жоқ

Мемлекет оны жоғары білімге инвестиция салып, білікті кадрлар алу үшін орналастырады. Демек, ол кімге грант беру керегін және кімге бермеу керегін таңдауға құқылы.

Мамандықтардағы кемшіліктерге қатысты ескертулері бар университеттер қалай тиімді жұмыс істей алады? Олар мұғалімдерді жалдауға, оқулықтарды сатып алуға және т.б. шығынданады емес пе? Сондықтан бұл жағдайда ЖОО-да мемлекет талаптарына сәйкес келетін ештеңе жоқ. Мұндай білімнің сапасы туралы айтуға бола ма? деген ақылға қонымды сұрақ туындайды.

Талаптардың әркелкілігі

— Министрлік мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін тізбеден шығарылған кейбір жоғары оқу орындары өз наразылықтарын білдірді дейді.

Тізімде осындай жағдайға алғаш рет тап болған өңірлік жоғары оқу орындары бар. Мысалы, Екібастұз инженерлік-техникалық институты энергетика бойынша мамандар даярлайды және бұл осындай жалғыз мамандандырылған ірі жоғары оқу орны. Онда Екібастұз ГРЭС-інде жұмыс істеу үшін кадрлар даярланады. Сондай-ақ Рудный индустриалдық институты — ол тау-кен өнеркәсібі үшін, тіпті Солоков-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің тапсырысы бойынша да мамандар даярлайды. Барлығы орынды, ЖОО мен болашақ жұмыс берушілер арасында байланыс бар.

Бір мәселе бар, министрлік  барлық жоғары оқу орынына, оның мөлшері мен мамандануына қарамастан, бірдей талап қойды

Нәтижесінде осы университеттерде балаларын оқытқысы келетін жұмыс істеп тұрған кәсіпорын қызметкерлері ыңғайсыз жағдайға тап болады.

Биылғы жылы алғаш рет тәжірибе енгізіліп, мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын және орналастырылмайтын жоғары оқу орындарының тізбесі шықты. Келесі жылы ол ескеріліп, пысықталатын болады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тізбесіне енбеген 30 ЖОО-ның 20-сы тіпті еш қарсылық білдірген жоқ. Қалған 10-ы қарсылық білдіргендіктен, мемлекеттік тапсырысты сақтап қалды.  Талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік тапсырысты орналастырудан бас тарту толығымен жоғары оқу орындарына емес, жекелеген мамандықтарға қатысты екенін бірден түсіндіре кетейін.

— Қандай параметрлер бойынша шешім қабылданды?

— Солардың бірі ЖОО-ның «Атамекен» ҰКП  рейтингісіндегі орны. Біз жұмыс берушілердің тілектеріне сүйене отырып жасалатын осы рейтингтің есебін үнемі талқылаймыз. Бұл жағдайда барлық университетті осы талаптармен таныстыру керек, содан кейін ғана баға беру керек.

Салалық қауымдастықтар әзірлейтін  мамандықтарға арналған кәсіби стандарттар болмағанына қарамастан, рейтинг жасалады. Сонда неге сүйенуі керек?

Көптеген университеттер «қара» тізімге енуді ауыр қабылдады. Комиссия тарапынан шынын айтқанда, кемшіліктерге жол берілді,

шешім алғаш рет және асығыс қабылданды. Әрине, жалпы бағыты дұрыс. Бірақ болашақта сұрақтар туындамауы үшін қазіргі тәжірибені ескеру қажет.

Кешенді тәсіл

— Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тізімінен шығарылған жоғары оқу орындарының арасында комиссия шешіміне шағымданғандар бар ма?

— Ассоциацияға осындай алты жоғары оқу орны хабарласты, біз министрлікке хат жолдадық. Себебі бұл жоғары оқу орындары іс жүзінде кейбір «қазіргі кезде аз оқытылатын» мамандықтар бойынша Ұлттық аккредиттеу агенттігінің рейтингісінде Қазақстандағы көшбасшылар.

Менің пікірімше, бір рейтингке назар аударудың қажеті жоқ, өйткені олар көп. Бұл тәсіл жан-жақты болуы керек.

Бізге Ақтөбеден қоңырау шалды.

Қандай да бір жоғары оқу орны «Атамекен» рейтингісінің алғашқы ондығына енбегендіктен, мемлекеттік тапсырыстан айырылып қалыпты. Неге олай болды?

Өйткені, бұл университет тар салалардағы мамандарды дайындайды, ал дайындық дәрежесі студенттер мен олардың ата-аналарын қанағаттандырып отыр емес ме? Нәтижесінде грантқа ие болған балалар онда оқи алмайды. Министрлік тек «Атамекен» рейтингісінің алғашқы ондығына бағдарлануда.

Егер елдегі университеттер саны 130-ға жуық болса, алғашқы ондыққа қараудың не қажеті бар? Егер алғашқы ондықта болуды ұсынып, бірақ рейтингте 15-ші немесе 20-шы позициядағы ЖОО-да грантта оқуға құқық берілсе түсінер едім. Өйткені, талапкердің темлекеттік лицензиясы, халықаралық аккредитациясы бар және ешқандай шағымдары жоқ ЖОО-да оқуға құқығы бар.

Сонда біз «Атамекеннен» олардың рейтингі қалай қалыптасатынын сұрадық. Жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтардың пікірлері бойынша шығарылады екен. Бірақ  өкілдіктер кез келген аймақта бар емес қой.

Бір елде барлығы 40 қауымдастық болса,  мамандықтардың саны 900-ге жетеді. «Атамекен» кәсіби стандарттары оның 200-іне ғана әзірленген

Ал қалған 700 ЖОО-ға қашан назар аударылады? Олар бойынша кәсіби стандарттарды кім әзірлейді және олардың орындалуын кім бағалайды? Тағы да сұрақтар мен айтар дау жетіп жатыр.

Сот студенттердің жағында

— Отыздың ішінде талаптарға сай келмейтіндер болған шығар. Бұл қашаннан бері айтылып келе жатқан мәселе. Сонда министрлік неге бақыламаған және неге оларға не үшін лицензия бердген?

— Әрине, ондай бар. Бұл мәселені бірнеше рет айттық.

Ведомствоға ақылға қонымды талап қойылып отыр. Қандай да бір  университеттің дипломдарды басып шығаруына кім кінәлі?

Қазір сот қана лицензиядан айырады, министрлік тек сот ісін бастайды.

Көбінесе сот студенттердің құқықтарын қорғауға кіріседі. Оның бұл әрекеті орынды, сонда білім алушылар мен ұжым қайда барады? Сот әділетсіз нормалар мен талаптарды көрсететін жағдайлар бар.

Қазір «Астана» (Нұр-сұлтан), Орталық Азия (Алматы) және Қазақстан Теңіз (Ақтау) университеттерінде сот процестері жүріп жатыр. Айтпақшы, мен де жоғары оқу орындарын ұқыптылыққа шақырамын: оқытып жатқан сыңай танытпай, сұранысқа ие емес  мамандықтарды жабу керек. Бірақ бәрі бірдей келісе бермейді. Ешкім бас тартқысы келмейді, жағдайды түзетуге уәде береді.

— Нәтижесінде бір мәселе жылдар бойы шешімін таппай келе ме?

— Иә. Не университетті жауып,  кейін қайта форматтап жаңа атаумен ашады. Бұл оңай міндет емес. Айтпақшы, АҚШ-та да күмәнді білім беретін университеттер бар. Бір штатта  бірнеше ондаған университеттерді араладық. Бірақ онда бұл мәселе келесідей жолмен шешкен: олар университеттің дипломына сенген жұмыс берушіге назар аударады. Сондықтан адамдар жай диплом мен мансапқа жетуге көмектесетін дипломды таңдай алады.

Құпия тізім

365info медиа порталы өз көздерінен қандай жоғары оқу орындары мемлекеттік тапсырысты орналастырудан айырылғанын ішінара анықтады:

  • «Астана» Университеті;
  • Қазақстан теңіз университеті;
  • «Қайнар» Академиясы;
  • Орталық Азия университеті;
  • «Алматы» Университеті;
  • Каспий қоғамдық университеті;
  •  Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы;
  • Алматы Экономика және статистика академиясы;
  • Шет тілдер және іскерлік мансап университеті;
  • Гуманитарлық-техникалық академия;
  • Технологиялар және бизнес университеті;
  • Қазақстан үздіксіз медициналық білім беру университеті;
  • Қазақстан Инновациялық академиясы.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз