Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Жағдайы қиын…”. Зорланды деген 11 жасар бала туралы тың дерек шықты

166

Жәбірленушінің әжесі:

– Біз психологтан бас тарттық. Өйткені, ол өзін ұрды деп қана ойлайды. Солай қалсын деп отырмыз.

Әжесінің үйіне қыдырып келіп, осындай сұмдыққа тап болған жәбірленуші жасөспірімнің есіне бұл оқиғаны түсірмес үшін ғаламторға тарап кеткен кадрлар да жойылуы тиіс! Баланың жақындарының елге айтар өтініші осы.

https://kaz.365info.kz/zhan-dauysy-shykhty-shymkentte-zorlandy-degen-balaga-khatysty-zhana-derek-zhariyalandy-322406

АЙЖАН, жәбірленушінің туысы:

– Жағдайы оның жаман қазіргі. Оны көшедегі балалардың өзі сұрастырып жатыр жағдайын. Саған кеше мынандай болды ғой, мына апай құтқарып қалды деп. Ол баланың өміріне қиын. Мектепке барады.

Жалпы, соңғы уақытта әлеуметтік желіде төтенше оқиғаның куәсі болғандар, істің байыбына бармай жатып, кез-келген фото, видео деректерді жариялап жіберуді жиілетті. Осы жағдайда да сол әдет. Жәбірленушінің беті көлегейленбеген күйі жарияланып жатты. Қазір құзырлы орган қызметкерлері сол видеоны таратқандарды іздеп жатыр. Кім екені анықталса, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

https://kaz.365info.kz/shymkentte-11-zhasar-balany-zorlady-degen-video-eldi-shoshytty-322222

ОРЫНБАСАР ТІЛЕПБЕРГЕН, заңгер:

– Қылмыс болып жатқан оқиғаны бейнелейтін бейнетүсірілімдерді жариялауға заңмен тыйым салынады. Егер бейнетүсірілімде кәмелет жасқа толмағандар болса.

Бұл – мәселенің бір жағы. Шымкенттегі жасөспірімге тап берген педофил ісі – тағы бір мәселеге жіті көңіл бөлу керектігін көрсетті.

Жасөспірім жапа шекті. Педофил ұсталды. Қоғам болып даурығып жатырмыз. Әсіресе, Фэйсбук әлеуметтік желісінде азғынның әрекетіне кіжініп, өткір пікір білдіргендер көп. Мәселен, Нәзия Жоямергенқызы, «Иттің құлы итақайы басынады!!! Кезінде арсыздық пен қиянатқа жол бермеген бабаларымыз. Айбыны асқақ ақсақалдарымыз қайда?! Жігіттер қайда қорғансызды қорлатпайтын?! Неге тым əлсіз, босбелбеу, бейшарамыз?!! Заң неге солқылдақ?!! Қаншама баланың тағдыры тəлкекке түсті. Әлі түсетіні анық. Неге құтыртамыз?!!»

https://kaz.365info.kz/ylyma-pyshakhpen-atylgan-rahman-omar-ajelinin-olimi-turaly-ajtty-322151

Рас! Құтырғандарды кастрация да қорқытпай тұр. Мына сұмдық цифр дәлел:

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, балаларға жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті бойынша: 2017 жылы – 124 іс, 2018 жылдың 6 айында 54 іс тіркелген. Яғни, айналасы бір жарым жылдың ішінде 170-ке жуық балақайдың балалығы бүлініп, осыншамасы қорлық көрді деген сөз. Қайтпек керек? Заңгерлер де кастрациялық жазаның жеңілдігін айтады. Заңгер Орынбасар Тілепберген, педофилдерді жазалаудың қоғамдық табалау түрін ұсынады.

ОРЫНБАСАР ТІЛЕПБЕРГЕН, заңгер:

– Физикалық кастрация жасаудың тиімділігі уақыт өте келе бәрібір дәлелденбейді. Өйткені, кез келген қылмысқа дене мүшесі емес, сана апарады қылмысқа. Дене мүшелері, қару, оқ дәрі қылмыс жасаудың қарулары ғана. Қоғамның назарына алып шығу керек.

Сондықтан заңгер, телеарналарға шоу бизнесті насихаттау үшін берілетін бюджеттің бір бөлігін халықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған телеарналар ашу үшін жұмсау қажеттілігін айтады.

https://kaz.365info.kz/azgyn-shymkentte-bala-zorlady-degen-kydikti-ystaldy-322286

Немесе бұрынғы ата-бабаларымыз салып кеткен жолменен, ұрының қолын кесіп жазалайтындай, яғни педофилді алыстан танитындай жаза түрін заңға енгізу керек дейді.

Расында да педофил ісіне байланысты, яғни қылмыстық кодекстің 121-бабымен айып тағылған күдіктілердің соттары жабық жағдайда өтеді. Тілшілердің де жабық сот процесіне кіріп, түсірілім жасауына құқық берілмеген. Кейін сотталып кеткеннен кейін түрмеге арнайы сауал хат жолдап, сол педофилді ел көрсін деп түсіргіміз келсе де, ол әрекетіміз нәтижесіз болады. Өйткені, өзін камераға түсіру-түсірмеуімізді сотталушының өзі шешеді. Сонда педофилдің түрін халық қайдан біледі?

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Педофилдердің сорақы келбетін қоғамға қалай көрсете аламыз? Прокуратура жасаған картаға қараңыз деуге де болатын еді. Алайда, басқа баппен айыпталған адамдарды жариялап жіберіп, шу болған даулы карта қазір сайттында да жоқ. Біз кешегі ғаламтор аралап кеткен видеоны көрсетпедік. Заң өз алдына, оны көруге жүрек дауаламайды.

Түсінген адамға дауысы шықпайтын кадрлардан да баланың шырқыраған үні сезіліп тұрды. Ендеше, тұнығымыз лайланса да, тұншығып отыра береміз бе?! Қашанға дейін?!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз