Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

“Жағдайы ауыр болды”. Павлодарда 60 жастағы әйелдің жатырына ота жасалып, қайтыс болып кетті

Маусым айының басында дәрігерлер Пана Исакаеваның жатырындағы миоманы алып тастаған. Ота жоспарлы болғанымен, ішегіндегі қиындықтарға байланысты, ота ауыр өткен. Әйелдің жағдайы нашар болғанына қарамастан, бір аптадан кейін №1 аурухананың дәрігерлері оны үйіне жіберген. Алайда ертесі күні әйел жедел жәрдеммен ауруханаға қайта түседі. Оның аяғынан ұйыған қан табылыпты.

«Оған ота жасағаннан кейін тағы да бәрі жақсы екенін айтты. Аяғындағы ұйыған қанды алып тастады. Дәрігерлер оның 3-4 күннен кейін жүріп кететінін айтты. Ал анам сол түні-ақ аурухананың жан сақтау бөлімінен бірақ шықты.

Жағдай ауыр болды. Оған жасанды тыныстандыру құрылғысын қосты. Оны кардиоорталыққа апарып, қайта алып келді…», – дейді мақұмның ұлы Асхат Исадиев.

Ұлының айтуынша, анасын ауруханаға реанимобильмен алып келген дәрігерлер оған жасанды тыныстандыру құрылғысын қоспаған. Бұл оқиға 16 маусымда, Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында орын алған.
Асхаттың сөзінше, ауруханада бірнеше жас дәрігер ғана болған.

Ал патологоанатомның берген қорытындысы бойынша, дәрігерлер әйелдің ішегіндегі біріккен бөліктерінің бәрін алып тастамаған. Салдарынан әйелде қабыну процесі басталып, қан ұйып, артынша өкпесі мен аяғында ұйыған қан пайда болған. Олардың бірі жарылып кетіп, әйелдің өліміне алып келген.

Асхат анасын емдеген дәрігерлермен кездескен. Тіпті араларындағы әңгімені диктофонға жазып алыпты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар қайғыдан қан жұтып отырған ер адамның арызын қабылдады. Әзірге ведомстводағылар оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

«Оның арызы бойынша комиссия құрылып, аталған іс қаралады. Ал қайтыс болған анасына қатысты айтсақ, мамандар қорытындысы беріледі», – дейді Павлодар облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басқарушысының орынбасары Нариман Шахмарданов.

Комиссия емдеу хаттамасымен танысқаннан кейін, іс материалдарын полицияға тапсырады.

Асхаттың айтуынша, ол өз әрекеттері арқылы анасын қайтара алмаса да, басқа аналардың өмірін құтқарып қалуды көздейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз