Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жағдайға қарадық…”. Вице-министр талапкерлердің 25 балмен грантқа қалай түскенін айтты

мектепті тәмамдаған түлектер ҰБТ тапсырғанда жоғары балл 140 болса, ең төменгі шекті балл 50-ге тең. Ал колледжден кейінгі түлектер тек 70 сұраққа жауап береді, яғни екі пәнді ғана таңдайды. Сәйкесінше, оларда шекті балл 25-ке тең.

Биыл «Атамекеннің» және колледждердің ұсынысымен біраз гранттардың санын колледжден кейінгі түлектерге бердік. Бірақ колледжден кейінгі гранттарға көп сұраныс болған жоқ, сондықтан осы мамандықтар бойынша олар шекті балды ала тұрып, грантты иеленіп жатты. Көбінесе, олар техникалық мамандықтарға тиесілі. Колледж бітіргеннен кейін 3 жыл оқиды», – деді вице-министр.

«Жалпы, колледждерді қолдауымыз керек. Осы оқу орындарын тәмамдаған түлектер қысқа мерзімде оқып шыға алады. Сол үшін биыл біраз гранттар бөлінді», – деп нақтылады Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ол гранттарды бөлген кезде елімізде тиісті квоталар қарастырылғанын еске салып өтті.

Бұл тұрғыда ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, Қазақстанның азаматы емес ұлты қазақ адамдар үшін бөлінген, сондай-ақ ауыл жастарына ескерілген квоталар бар. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда шетелдегі қандастарымыз 25 және 26 балмен грантқа түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз